20
март
2025
"Парасатты Ару"
Наурыз - тәуелсіздік және отаншылдық айының 18 күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіндегі Наурызнама бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қалалық "Наурыз Аруы - 2025" сұлулық байқауында "Парасатты Ару" атанған мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушысы Ислам Томирис марапатталды. Мектеп директоры Е.Мусанов Томиристі марапатымен құттықтап, ақ тілегін білдіріп, арнайы сыйлығын ұсынды.