18
февраль
2025
"Мектеп аруы - 2025"
Ақпан - жасампаздық және жаңашылдық айының 18 күні мектебімізде 5-7 сынып қыздары арасында "Мектеп аруы - 2025" байқауы өткізілді. Ал 8-10 сынып қыздары арасында "Мектеп аруы - 2025" байқауы Еңбек ауылындағы мәдениет үйімен бірлесе ұйымдастырылды. Мақсаты - қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын насихаттау, қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік пен нәзіктік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты ару қыздарымызды әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке және парасаттылыққа тәрбиелеу. Байқау нәтижесінде 5-7 сыныптар арасынан Бас жүлдені 6 "Ә" сынып аруы Асанқызы Айзере, І орынды Дәлелханқызы Аружан 7 "ә" ІІ орын Алтай Расима 5 "а", ІІ орын Нұрланқызы Айзада 7 "а", ІІІ орын Талғат Жания 6 "а", ІІІ орын Тауданбекқызы Айша 5 "ә" . Ал 8-10 сыныптар арасынан Бас жүлдені 9 "А" сынып аруы Ислам Томирис, І орынды 9 "Б" сынып аруы Жанатқызы Алтын, ІІ орынды 10 "Ә" сынып аруы Нұрасыл Ақниет, ІІ орынды 8 "А" сыны аруы Өнербек Алима жеңіп алды. Белсенділік танытқан ару қыздарымыз наминациямен марапатталды. Жүлделі орын алған ару қыздарымыз дипломмен мараптталып, арнайы сыйлықтар берілді. Бас жүлде І орын иеленген ару қыздарымыз Ислам Томирис пен Жанатқызы Алтын қалалық байқауға жолдама алды. Жеңімпаз ару қыздарымызға сәттілік тілейміз.