«Балалар кітапханасы» » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар кітапханасы»
27
ноябрь
2025

«Балалар кітапханасы»

27 қараша күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Талдықорған қаласындағы  Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «QuizNight: кешкі білім додасы» атты зияткерлік ойыны өтті.
    Жоба  аясында оқырмандардың зияткерлік қабілетін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және белсенді шығармашылық ортаны қалыптастыру мақсатында  № 12,16,22,125  қала мектептерінің оқушылары қатысты.
    Қатысушылар өз білімдерін төрт түрлі бағыттағы қызықты кезеңдер бойынша сынға салды.
   Шара соңында сайысқа белсенді қатысқан ZenTeam,  Neo Zhalyn, Shabyt Tañ,  Qanat Orda  топтарына алғыс хаттар,  ал барлық кезеңдер бойынша жоғары көрсеткішке ие  болған  Neo Qyran тобы үздік деп танылып диплом табысталды.