13
март
2025
«Үздік сынып жетекші – 2025»
Наурыз- тәуелсіздік және отаншылдық айының 12 күні мектебімізде «Үздік сынып жетекші – 2025» атты мектепішілік сынып жетекшілер байқауы өтті. Байкаудың мақсаты: «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында шығармашылықпен жұмыс жүргізетін, оқушылардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын, ата-аналармен өзара байланыс орнатып, оларды оқу' мен тәрбие процесіне оқушыларды тартуда өзіндік жаңашыл идеясы бар сынып жетекшілерді анықтау және қолдау көрсету. Байқау нәтижесінде жүлделі І орынды 9 «Ә» сынып жетекшісі Топанбай Айдана Ержанқызы, ІІ орынды 7 «А» сыныбының жетекшісі Садбаева Айжан Саятқызы, ІІІ орынды 7 «Ә» сыныбының жетекшісі Қасымова Назгүл Ахметханқызы және 9 «Б» сыныбының жетекшісі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы иеленді. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші «Үздік сынып жетекші -2025» байқауының жеңімпаздарын мектеп директоры Мусанов Ернар Жауынбайұлы құттықтап, сыйлықтар табыстады.