Басқарушы блогы » Страница 2 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мамандық таңдау және кәсіптік бағдарлау»
09
апрель
2025
«Мамандық таңдау және кәсіптік бағдарлау»
Сәуір - еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айының 9 күні  «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасы аясында  мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау және кәсіптік бағдарлау» бағытына сәйкес, мектебіміздің 9 сынып оқушыларына Талдықорған заң колледжіне экскурсия жасап қайтты. Экскурсия бсрысында оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар туралы бағыт-бағдар бере отырып, коледждің барлық мүмкіндіктері материалдық базасы таныстырылды. Оқушылар жауапты мамандардан мамандық таңдауға
«Құрмет» өрденінің иегері Әмреев Жұматай Оспанұлы
27
февраль
2025
«Құрмет» өрденінің иегері Әмреев Жұматай Оспанұлы
2025 жылы 27 ақпан күні «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасы аясында Еңбек ауылындағы МДШО бар №22 орта мектепте ақын, «Жетісу» облыстық газетінің редакторы, «Құрмет» өрденінің иегері Әмреев Жұматай Оспанұлы 8-10 сынып оқушыларымен кездесіп, қонақ дәрісін өткізді. Кездесу барысында Жұматай Оспанұлы өз өмірі туралы баяндап, жетістікке жетудегі бірден-бір құпия сырдың кілті, бұл кітапты көп оқу болып табылатынын және қазіргі қоғамның бір кем дүние тұсы кітап оқымау екендігін айтып өтті.
«Бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын анықтау ,каллиграфиясын тексеру»
27
февраль
2025
«Бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын анықтау
Ағымдағы жылдың  27 ақпанында директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қ.Шаекенова  бастауыш сынып бірлестігімен  мектепішілік жоспарға сай «Бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын анықтау ,каллиграфиясын тексеру» бойынша зерделеп, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру екенін,  осы талаптарды орындау негізінде көркем жазу дағдысы
Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу
19
декабрь
2024
Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу
Желтоқсан - бірлік және ынтымақ айының 19 күні  мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УИ полиция аға лейтенанты Ж.Б.Исимова мен Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ учаскелік инспекторы полиция капитаны Г.Е.Сәкенова 5-7 сынып оқушыларымен "Біртұтас тәрбие"бағадараламсы жоспарына  сәйкес жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың  және Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізді
«Біз терроризмге қарсымыз!»
10
декабрь
2024
«Біз терроризмге қарсымыз!»
Желтоқсан – Бірлік және ынтымақ айлығы жоспарына сәйкес  мектеп әкімшілігінің және әдеп-құқық жөніндегі ментор Ж.Баисовтың  ұйымдастыруымен Жетісу облысы Дін саласындағы Зерттеу және оңалту орталығының психолог, дінтанушы Қанат Маратұлымен «Біз терроризмге қарсымыз!»  тақырыбында 8-10 сынып ұлдарына дәріс оқыды. Қанат Маратұлы оқушыларға  қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу керектігін, 
«Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар"
06
декабрь
2024
«Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар"
2024 жылдың 06 желтоқсанында 8 ""Ә сыныбында "Жаңа технологияларды қолдана отырып функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында" химия пәнінен     "Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. №4 зертханалық  тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар" тақырыбында  LS зерттеу сабағын өткізді.
«Жаңа технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»
06
декабрь
2024
«Жаңа технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты
Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. 06.12.2024 жылы 8 «Б» сыныпта тарих пәнінің мұғалімі А.Садбаева Қазақстан тарихы пәнінен «Жаңа технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» зерттеу сұрағын басшылыққа ала отырып, зерттеу сабағын жүргізді. Сабақтың тақырыбы: Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының
«Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына»
06
декабрь
2024
«Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына»
Мектебімізде Желтоқсан – Бірлік және ынтымақ айлығы жоспарына сәйкес  мектеп әкімшілігінің   ұйымдастыруымен Жетісу облысы Дін саласындағы Зерттеу және оңалту орталығының психолог, дінтанушы Қанат Маратұлымен «Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына»  тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында Қанат Маратұлы 8-10 сынып ұлдарымен ашық сұхбаттасып, «бүгінгі ұл – ертеңгі  ер-азамат» деген  сөздің мағынасын түсіндіріп,  ұл балаларға үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетіп, адамгершілік
" LS зерттеу сабақтары"
02
декабрь
2024
" LS зерттеу сабақтары"
Мектебімізде LS зерттеу сабақтары басталды.  Зерттеу сұрағы: Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Осыған орай 8 «Б» сыныбында Алгебра пәнінен зерттеу сабағы өткізілді.  Сабақтың тақырыбы: Теңдеулерді шешу. Модулі бар бар квадрат теңдеулерді шешу. Сабақтың мақсаты: |ax^2+bx|+c=0 түріндегі квадрат теңдеулерді шешеді.  Сабақта жұптық, жеке жұмыстар болды. «Сократив платформасы», «Qr»кодпен тапсырмалары қолданылды. «Пилот-штурман» әдісі,
"Күй күмбірі"
20
март
2024
"Күй күмбірі"
Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігі "Тоғыз айға -9 іс-шара" жобасы аясында еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім алушыларды эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу балалардың домбырада орындауын насихаттау, музыка ойнаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру мақсатында 12-20 наурыз күндері аралығында наурыз мерекесіне арналған "Күй күмбірі" республикалық домбырашылар челленджін ұйымдастыруда.Аталған челленджге мектебіміздің оқушылары да қатысуда.