06
декабрь
2024
«Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына»
Мектебімізде Желтоқсан – Бірлік және ынтымақ айлығы жоспарына сәйкес мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен Жетісу облысы Дін саласындағы Зерттеу және оңалту орталығының психолог, дінтанушы Қанат Маратұлымен «Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында Қанат Маратұлы 8-10 сынып ұлдарымен ашық сұхбаттасып, «бүгінгі ұл – ертеңгі ер-азамат» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, ұл балаларға үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетіп, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, болашақта жақсы азамат болуға ақыл-кеңесін берді.