06
декабрь
2024
«Жаңа технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. 06.12.2024 жылы 8 «Б» сыныпта тарих пәнінің мұғалімі А.Садбаева Қазақстан тарихы пәнінен «Жаңа технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» зерттеу сұрағын басшылыққа ала отырып, зерттеу сабағын жүргізді. Сабақтың тақырыбы: Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының (Қазақ АКСР-і) құрылуы. Сабақтың мақсаты: Қазақ автономиясының құрылуы және оның тарихи маңызын анықтау. Үй тапсырмасын сұрауда хронологиялық кестемен жұмыс, жаңа сабақ барысында сәйкестендіру тапсырмалары беріліп, орындалды. Сабақта қолданылған әдістер оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды.