Біз туралы » Страница 4 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дарынды балалар - ұлт болашағы"
21
май
2025
"Дарынды балалар - ұлт болашағы"
2025 жылдың 21 мамырында мектебімізде 2024-2025 оқу жылыныңқорытындысы бойынша  "Дарынды балалар - ұлт болашағы" атты  дарынды балалар шеруі өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.   2024-2025 оқу жылында дарындылығы мен алғырлығын, білімділігі мен біліктілігін республикалық, облыстық, қалалық деңгейде таныта біліп, мектебіміздің  даңқын асқақтатқан дарынды
“Жетісу ұстазы-2025”
15
май
2025
“Жетісу ұстазы-2025”
2025 жылдың 15 мамыр күні ұйымдастырылған “Жетісу ұстазы-2025” қалалық байқауында  “үздік фотоэссе” номинациясын иеленген мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Оспанова Мақпал Кенжеахметқызын құттықтаймыз! 👏👏👏
"Сәтті сәрсенбі"
14
май
2025
"Сәтті сәрсенбі"
Мектебімізде 2025 жылдың  14 мамырында  қашықтықтан өткізілген “Ақберен”,  “Тарих ата”, “ Білім кілті-кітапта” олимпиада және спорттық жарыстардың  жеңімпаз шәкірттеріне дәстүрге айналған "Сәтті сәрсенбі" марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — дарындылар қатысқан сайыста өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білген және азаматтық ұстаным мен патриоттық белсенділік танытқан балаларға қолдау көрсету.
"Ойлан,жұптас,бөліс"
21
апрель
2025
"Ойлан,жұптас,бөліс"
2025 жылдың 21 сәуірінде Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай ауыл мектептерінің жас педагогтар арасында өткен "Ойлан,жұптас,бөліс" интеллектуалды ойынында жүлдері III- орын иеленгені үшін мектебіміздің "Батыр қыздар ізбасарлары" командасы марапатталды. 
"Тіл-ұлттық қазынасы, әдебиет өмір айнасы"
17
апрель
2025
"Тіл-ұлттық қазынасы, әдебиет өмір айнасы"
Сәуір айының 17-сі күні "Сөз сыры" бірлестігінің "Тіл-ұлттық қазынасы, әдебиет өмір айнасы" тақырыбындағы апталық аясында  қазақ тілі пәнінен 11 "А" сынып білім алушыларымен "Туризмнің түрлері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында қолданылған "Тізбек", "Сүзгі", "Барабан" әдістері ұтымды болды. Оқушылар қажетті ақпараттарды қолданып эссе жазды. Сабақ өз мақсатына жетті. Пән мұғалімі: Оспанова Мақпал Кенжеахметқызы
«Дара тұлға – Бауыржан Момышұлы. Одағай сөздер»
14
апрель
2025
«Дара тұлға – Бауыржан Момышұлы. Одағай сөздер»
«Тіл – ұлт қазынасы, әдебиет өмір айнасы» атты «Сөз сыры» бірлестігінің апталығы аясында 14.04.2025 күні «Дара тұлға – Бауыржан Момышұлы. Одағай сөздер» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен Сейсембай Талғат Тұрарбекұлы ашық сабақ өткізді. «INSERT», «Венн диаграммасы», «Проблемалық сұрақтар» әдісі, ЖИ әдістерін мақсатқа жетуде тиімді қолданды. Қалыптастырушы бағалау «Одағайлар» әдісімен, «Өзін өзі бағалау» әдістері арқылы жүзеге асты. Сабақ құрылымы нақты, мақсатқа бағытталған
“Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2025”
14
апрель
2025
“Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2025”
2025 жылдың 14 сәуір күні өткен “Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2025” қалалық байқауында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Тумарбекова Динара Жайнайбекқызы “Ұшқыр ойдың ұстазы” номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!
"Тіл-ұлт қазынасы,  әдебиет-өмір айнасы"
14
апрель
2025
"Тіл-ұлт қазынасы, әдебиет-өмір айнасы"
Сәуір айының 14-і күні Сөз сыры бірлестігінің "Тіл-ұлт қазынасы,  әдебиет-өмір айнасы"  тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өткізілді.  Іс-шараға 8-10 сынып оқушылары қамтылды. Мектебіміздің қалалық,  облыстық оқулар жүлдегерлері өлең,  арнауларын оқыды.  Шашу шашылып,  қазақтың ұлттық құндылығына айналған мақал-мәтел,  жаңылтпаш,  жұмбақтардан сайыс өтті.  Тіліміздің мәртебесін көтеретін әндер орындалып,  бірлестік жетекшісі Акбакирова Гүлнар Өмірзаққызы апталық жоспармен таныстырып, 
“Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2025”
09
апрель
2025
“Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2025”
2025 жылдың 09 сәуір күні  “Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2025”  мектепішілік байқауы өтті. Байқау мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, әдістемелік шеберлігі зор, педагикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау;
"Сәтті сәрсенбі"
09
апрель
2025
"Сәтті сәрсенбі"
Мектебімізде 2025 жылдың 9 сәуірінде    “Bilimstart” ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша , Республикалық “Алтын түлек”, облыстық “Зерде”, қалалық кезеңдегі    байқауларда және қашықтықтан ұйымдастырылған Республикалық “Кенгуру” олимпиадасының  жеңімпаз шәкірттеріне дәстүрге айналған "Сәтті сәрсенбі" марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — дарындылар қатысқан сайыста өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білген және азаматтық ұстаным мен патриоттық