14
апрель
2025
"Тіл-ұлт қазынасы, әдебиет-өмір айнасы"
Сәуір айының 14-і күні Сөз сыры бірлестігінің "Тіл-ұлт қазынасы, әдебиет-өмір айнасы" тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шараға 8-10 сынып оқушылары қамтылды. Мектебіміздің қалалық, облыстық оқулар жүлдегерлері өлең, арнауларын оқыды. Шашу шашылып, қазақтың ұлттық құндылығына айналған мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтардан сайыс өтті. Тіліміздің мәртебесін көтеретін әндер орындалып, бірлестік жетекшісі Акбакирова Гүлнар Өмірзаққызы апталық жоспармен таныстырып, оқушыларды апталықта өтетін шараға белсенді қатысуға шақырды.