Іс-шаралар » Страница 24 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Асыл анашым"
03
март
2023
"Асыл анашым"
“Айжұлдыз” шағын орталығы ересек “Балапан”тобының “Асыл анашым” атты “Харық аралық әйелдер” мерекесіне орай ертеңгілігі өтті. Ана дейміз біріміз де аңқылдап,  Ана дейді жас сәби де жарқылдап,  Ана деген бәйтерегі өмірдің,  Ана деген алтын қазық алтын бақ. Құрметті аналар, әжелер, сұлу қыздар сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
"Ана өмір шуағы"
02
март
2023
"Ана өмір шуағы"
“Айжұлдыз” шағын орталығының ересек “Қарлығаш” тобының       “Ана өмір шуағы”  атты мерекелік ертеңгілігі өтті. Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту;анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтай отырып, мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
1-Наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні
01
март
2023
1-Наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар #22 орта мектеп"КММ 1- наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне орай жаттығу дабылы қағылып, ұстаздар мен оқушылар белгіленген ережелер бойынша қауіпсіз аймаққа шығарылды. Жаттығу барысында оқушылардың қауіпсіздігі қатаң сақталып, "Қоғамдық тәртіп сақтау", "Құтқару", "Өрт сөндіру", "Санитарлық" топтары өздерінің міндеттерін жоспарға сәйкес орындап шықты. Мектеп директоры Байсова Ляйля Жанатқызы әскери жетекші  Тұрысбеков Марат
1-наурыз "Алғыс айту күні"
01
март
2023
1-наурыз "Алғыс айту күні"
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар #22 орта мектеп" КММ-нің ұстаздары мен оқушылары! 1-наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Жақындарымызға жақсылық жасап, бір- бірімізге алғыс айтып жүрейік🫶
"Ақ  мамам" атты ертеңгілік
01
март
2023
"Ақ мамам" атты ертеңгілік
22 орта мектептің "Айжұлдыз" шағын орталығының "Ақбота" орта тобында " Ақ мамам" атты 8 наурызға байланысты ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды  мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
"Ұшқыр доп"
22
февраль
2023
"Ұшқыр доп"
22 ақпан күні "Ұлттық мектеп лигасы" аясында өткен "Ұшқыр  доп" Гандбол жарысында мектебіміздің қыздар командасы І-орын иеленді.Құттықтаймыз!
«Кітап – досың сырласың»
22
февраль
2023
«Кітап – досың сырласың»
     «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап – досың сырласың» атты шара қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ө. Акбакирова мен мектеп кітапханашысы Ә.Искакованың ұйымдастыруымен болып өтті. Шараға 6-10 сынып білім алушылары қатысты. Шара барысында мәнерлеп өлең айтылып, ән де салынды. Оқылған кітаптарынан ұнаған үзінділер оқылып айтылды. Соңында  оқушылар мен мұғалімдер кітапханаға  кітаптар сыйлады.
"Балалар және театр"
17
февраль
2023
"Балалар және театр"
"БАЛАЛАР ЖӘНЕ ТЕАТР" жобасы аясында бастауыш сынып білім алушылары "Түлкі, қоян және әтеш" ертегілерінен сахналық  қойылым қойды.Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, өздері ойнап, сомдап, қимыл-қозғалыс дауыс ырғағын келтіре білуге, қойылым арқылы қызығушылықтарын арттыру, тіл байлықтарын дамыту.Білім алушыларды жанашырлыққа адамгершілікке тәрбиелеу. Сахналық қойылым бастауыш сынып білім алушыларына оң әсерін тигізді.
"Ұстазға мың алғыс"
17
февраль
2023
"Ұстазға мың алғыс"
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп" КММ-нің  базасында «Ризашылық–мейірімділік бұлағы» республикалық жобасы аясында алғыс айту күніне орай 1 "Б" сынып оқушылары "Ұстазға мың алғыс" челленджын жалғастыруда.
"Ризашылық-мейірімділік бұлағы"
16
февраль
2023
"Ризашылық-мейірімділік бұлағы"
Мектебімізде "Ризашылық- мейірімділік бұлағы" республикалық жобасы аясында «Алтын ұя» отбасылық сайысы өтті.       Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, рухани жаңғыруды сипаттау және ұлттық құндылықтарды жаңғыру мақсатында, салт – дәстүр туралы білімдерін байқау. Қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Іс-шара соңында жеңімпаздар