1-Наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2023

1-Наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні

"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар #22 орта мектеп"КММ 1- наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне орай жаттығу дабылы қағылып, ұстаздар мен оқушылар белгіленген ережелер бойынша қауіпсіз аймаққа шығарылды. Жаттығу барысында оқушылардың қауіпсіздігі қатаң сақталып, "Қоғамдық тәртіп сақтау", "Құтқару", "Өрт сөндіру", "Санитарлық" топтары өздерінің міндеттерін жоспарға сәйкес орындап шықты. Мектеп директоры Байсова Ляйля Жанатқызы әскери жетекші  Тұрысбеков Марат Сабетбекович оқушылардың қауіпсіз аймаққа шығарылғаны жөнінде мәлімет беріп, Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған жаттығу барысында мектеп ішінде қалып қойған оқушыны құтқару командасы сыртқа алып шықты. Оған санитарлық топ мүшелері алғашқы дәрігерлік көмек берді. 10 сынып оқушылары жалпы әскери қорғаныш толымының киімін қалай кию керектігін іс жүзінде көрсете білді. Мектеп ұжымы  тосыннан келген төтенше жағдайға кез-келген уақытта дайын екенін көрсетті.