«Анамның тілі – аяулы үні»
Бүгін мектебімізде «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» атты «Сөз сыры» пән апталығының ашылуына орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын өз тілін сүйетін, салтын құрметтейтін, ұлттық дәстүрлерін бағалайтын, шығар биігін саралайтын, тіліне жаны ашитын шәкірттеріміздің тіл тақырыбындағы өлең-жырларды нақышына келтіре мәнерлеп жатқа оқуымен басталып, М.Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен тіл», Ш. Смаханұлын ың «Анамның тілі – аяулы үні» әнін шырқауымен жалғасын тапты.