Ақпарат » Страница 65 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап"
08
май
2023
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап"
Мектебімізде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап" көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы әдебиеттермен, ҚР -ның құқықтық құжаттарымен таныстырып, ақпарат беру, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілік сезімін және өмірлік көзқарасын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының кез-келген дамуына үлкен қатер тудыратындығы түсіндірілді.
7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай іс-шара өткізілді.
05
май
2023
7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай
7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай іс-шара өткізілді.Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Осындай атаулы күннің қарсаңында мектеп директоры Байсова Ляйля Жанатқызы ер азаматтарын құттықтап, құрмет грамотасы мен марапаттады.Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз!
"Ерлік ұрпаққа мұра" тақырыбында тәрбие сағаттары
05
май
2023
"Ерлік ұрпаққа мұра" тақырыбында тәрбие сағаттары
7 мамыр Отан қорғаушылар күні 9 мамыр Ұлы жеңіс күні мерекесіне  орай "Ерлік ұрпаққа мұра" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: 1.Оқушыларға Ұлы Отан соғысымен Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. 2.Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігті арттыру патриоттық сезімге баулу; 3.Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
"Марапаттау"
04
май
2023
"Марапаттау"
Облыстық пікірсайыс турнирлерінен 1-орын иеленіп жүрген мектебіміздің білім алушысы Қажымәлік Линаны мектеп директоры Байсова Ляйля Жанатқызы марапаттап ақшалай сыйлығын табыстады. 
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант
04
май
2023
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант
№22 орта мектебі мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында оқушылар мен ұстаздар «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазуға қатысты. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген  патриоттық рухтағы  келешек өскелең ұрпақты тәрбиелеуді мақсат еткен шараға 50 мұғалім, 282 оқушы қамтылды.
"Жігіт сұлтаны" байқауы
04
май
2023
"Жігіт сұлтаны" байқауы
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында мектебімізде 5-10 сыныптар арасында "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. Мақсаты: Әр баланың бойындағы қабілеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру дамыту. Ата салтын ардақтайтын өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білу. Аталған іс-шараға оқушыларымыз белсене қатысып жүлделі орындарға иеленді.
«Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
04
май
2023
«Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасында білім алушыларды отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысының тарихы туралы танымын жетілдіру, батыр жерлестерімізді таныту мақсатында  « Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі »  тақырыбында  көрме   ұйымдастырыл ды.       Оқырмандарға Ұлы Жеңіс тарихы, жеңіс жолындағы батырлар туралы баяндалған тарихи деректер таныстырылып, ұсынылды. 
"Жас Ұлан" "Жас Қыран"
03
май
2023
"Жас Ұлан" "Жас Қыран"
"Жас Ұлан" "Жас Қыран" біріңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымының Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті.  Мақсаты: оқушыларды отаншылдық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу, елі мен жеріне деген мақтаныш сезімін тереңдету, оқушылардың бойынан еңбекке, ізденіске құлшыныстарын оятып, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға үлес қосу.
"Бірлігіміз жарасқан"
28
апрель
2023
"Бірлігіміз жарасқан"
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында  "Бірлігіміз жарасқан" атты тақырыбында іс шара өткізілді.Іс-шара барысында, сыныптар әр ұлт өкілдеріне іріктеліп, ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетті.