Ақпарат » Страница 28 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жетісу ұстазы-2024”
25
сентябрь
2024
“Жетісу ұстазы-2024”
2024 жылдың 24-25  қыркүйегінде “Жетісу ұстазы-2024” облыстық байқауында “Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп” КММ-нің педагог-сарапшы, тарих пәнінің мұғалімі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы «Үздік сабақ» номинациясымен марапатталды.  Құттықтаймыз👏🏻👏🏻👏🏻
«Махамбет оқулары»
18
сентябрь
2024
«Махамбет оқулары»
2024 жылдың 18 қыркүйегінде өткен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен қалалық «Махамбет оқулары» байқауында мектебіміздің дарынды шәкірттерін  мектеп директоры арнайы  құттықтады. 1)«Ел құтқарар ер едім...» бағытында  Бақытжанұлы Бекасыл 2 орын иеленді.  Жетекшісі: Компыш Айзат. 2)«Тартынбай сөйлер асылмын...»  бағыты бойынша «Дарабоз ақын- Махамбет» тақырыбымен  Елемесұлы Есбол 3 орын иеленді. Жетекшісі:  Оспанова Макпал Кенжеахметовна 3)«Біз неткен ер, неткен ер? бағытында
«Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері» т
17
сентябрь
2024
«Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері» т
17 қыркүйек күні 1-сынып ата-аналарына жиналыс өтті. Жиналыс барысында мектеп психологі Туйебаева Гүлнұр Үркімбайқызы «Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері» тақырыбында бірінші сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері мен психологиялық өзгерістері  туралы кеңес берді. Тренинг жаттығулар жүргізді.
"Үздік сынып жетекші-2024"
17
сентябрь
2024
"Үздік сынып жетекші-2024"
" Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 қыркүйегінде өткізілген  "Үздік сынып жетекші-2024" байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің 8 "А" сынып жетекшісі  Жакбаева Эльмира Кадилетовнаны  жүлделі ІІІ орынымен мектеп директоры арнайы құттықтады.  Ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің жағымды жақтарын алып, баланы қоғам қажеттілігіне орай икемделе тәрбиелеуге ат салысудағы еңбегіңізге шығармашылық табыс
«Бауырсақ Paty»
16
сентябрь
2024
«Бауырсақ Paty»
Қазақстан халқы тілдері күніне орай  мектепішілік жоспарға сай  қыркүйек айының 16-сы күні  «Бауырсақ Paty» қызықты сәт ойыныны өткізілді.  Мақсаты:  ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті дамыту.  Іс- шараға оқушылар қызығушылық танытып,  белсене қатысты.  Мақал- мәтелдер мен танымдық тапсырмалардан құралған шараға  8-10  сыныптар қатысты.
«Тілім менің – ғасырларға аманат»
10
сентябрь
2024
«Тілім менің – ғасырларға аманат»
«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-де    «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты тілдер онкүндігінің аясында 10-қыркүйек күні ұлт Ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың мысал өлеңдерінен сурет көрмесі өтті. Сонымен бірге оқушылар бұл шарада өздері  оқыған өлеңдері бойынша сурет салып , өнерлерін паш етті.
"Жеңіл атлетика"
09
сентябрь
2024
"Жеңіл атлетика"
Жеңіл атлетика жарысына 5-6 сынып оқушылары қатысты. Жарыста жас ерекшеліктеріне байланысты төрт топ 5-6 сыныптар арасында өтті. Жарыста дене шынықтыру пән мұғалімдері төрешілік етіп, мектебіміздің медбикесі Д.Амалбекова қызмет көрсетті. 5-6 сыныптар арасында  32 оқушы қатысты  Бас жүлде 6 «А» сынып  1- орын 5 «А» сыны  2- орын 6 «Ә» сынып  3 -орын 5 «Ә» сынып
"Жалпы ата-аналар жиналысы"
06
сентябрь
2024
"Жалпы ата-аналар жиналысы"
Ағымдағы жаңа оқу жылының 6 қыркүйегі күні мектебімізде мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі: 1.2023-2024 оқу жылының жетістіктерінің қорытындысы 2.Мектептің ішкі тәртіп ережесі,формасы 3.2024-2025 оқу жылындағы ыстық тамақты ұйымдастыру 4.Мектептегі стигматизация мен буллингтің алдын алу 5.Жол қауіпсіздігінің алдын алу 6.Тұмаудың алдын-алу.Екпенің маңыздылығы. 7.Әр түрлі мәселелер  Жиналыс барысында сұрақтар қойылып кері байланыс берілді.
"Пәндік олимпиада – балалардың санасында "
05
сентябрь
2024
"Пәндік олимпиада – балалардың санасында "
2024 жылдың 5 қыркүйегінде директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Рашитқызы мектебіміздің 9-11сыныптарында сабақ беретін педагогтеріне  ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың нұсқаулығымен таныстыру , тіркелу жолдары бойынша  түсіндірме жұмысын жүргізді.  Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.
"Тұрар Рысқұлов - тарихи тұлға"
05
сентябрь
2024
"Тұрар Рысқұлов - тарихи тұлға"
Мектебімізде 2024 жылдың   5 қыркүйегінде  мемлекеттік тілді дамытуды қолдау аясында 10-11 сынып оқушылары "Тұрар Рысқұлов - тарихи тұлға" тақырыбында диктант жазды. Шараға 55 оқушы қамтылды.