Ақпарат » Страница 27 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰБТ -ге дайындық
04
октябрь
2024
ҰБТ -ге дайындық
Ағымдағы оқу жылының  04-қазанында 11 сынып білім алушыларынан ҰБТ -ге дайындық барысында сынама тест алынды.  Мақсаты :   мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнiң ең басты мiндетi.
“Алтын сақа”
03
октябрь
2024
“Алтын сақа”
2024 жылдың 3 қазанында мектепішілік 3-4 сыныптар арасында  Республикалық “Алтын сақа” пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды. Математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтап, қалалық кезеңге 3 сыныптардан  5 оқушы,  4 сыныптардан 5 оқушы келесі кезеңге өткізілді.Сәттілік тілейміз!!!
“Ұстазым,Сізге мың алғыс!”
02
октябрь
2024
“Ұстазым,Сізге мың алғыс!”
2024 жылдың 2 қазан күні Оқушылар сарайында өткен “Ұстазым,Сізге мың алғыс!” салтанатты жиынында  Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің “Құрмет” грамотасымен   тәжірибелі әрі  педагог-зерттеуші ұстаздарымыз  Гүлнар Өмірзаққызы мен Фарида Ислямқызы марапатталса, облыстық  “Жетісу ұстазы-2024” байқауында “үздік сабақ” номинациясын иеленген мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі  Ерасыл Серікбайұлына 100 000 теңге сертификаты табысталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!
"Дарын"
02
октябрь
2024
"Дарын"
Мектебімізде 25-28 қыркүйек күндері ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының бастапқы кезеңі өткізіліп, "Дарын" орталығының бақылауымен қорытындысы шығарылды.  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы шеңберінде өткізілген олимпиаданың  мектепішілік кезеңінен 9-11 сыныптардан 16 білім алушымыз озық шығып,  келесі кезеңге жіберілді. Мектебіміздің намысын қорғайтын шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!!!
«Алтын сақа»
01
октябрь
2024
«Алтын сақа»
2024 жылдың 1 қазанында мектепішілік 5-6 сыныптарға арналған «Алтын сақа» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу ережесі талаптары сақталып өткізілуі бойынша мектеп директоры Е. Мусанов сөз сөйлеп, қатысушы білім алушыларға сенім білдірді. Ережеде көрсетілгендей мектебімізден  қалалық кезеңге  5-6 әр сынып деңгейінен 5 білім алушымыз жолдама алды. Алдағы кезеңдерге сәттілік тілейміз!!
"Менің атам мен әжем"
01
октябрь
2024
"Менің атам мен әжем"
1-қазан Қарттар күніне орай жоспарға сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде "Менің атам мен әжем" тақырыбында 1-4 сыныптар арасында  сурет байқауы ұйымдастырылды.
"Ұшқыр доп"
30
сентябрь
2024
"Ұшқыр доп"
Облыстық "Ұшқыр доп" Гандболдан 5-6 сынып оқушылар арасындағы көп деңгейлі балалар-жасөспірімдер спорттық жарысында мектебіміздің 6 сынып қыздар командасы I орын иеленді. Мектеп директоры Ернар Жауынбайұлы қыздарымызды арнайы құттықтады. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 👏
«Буккроссинг»
27
сентябрь
2024
«Буккроссинг»
Қыркүйек айының 27күні мектебімізде білім алушылардың қатысуымен «Буккроссинг»  шарасы ұйымдастырылды.     Мақсаты : оқылған кітаптарға екінші өмір сыйлау, әр түрлі жастағы оқырмандарды  кітап оқуға шақыру.    «Буккроссинг»  қазақшаға  аударғанда «Кітап сыйлау» немесе «Кітап  алмасу» деген  мағынаны  білдіреді. Сонымен қоса игі іс жасау, яғни өзіңіздің сүйіп оқыған кітабыңызды басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік беру.
Ауыл олимпиадасы
26
сентябрь
2024
Ауыл олимпиадасы
26 қыркүйекте Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының мектепішілік бірінші кезеңінің екінші күні өткізілуде. Мектеп директоры  қатысушыларымызға сәттілік тіледі. Академиялық адалдықты бұзушылықтың алдын алудың негізгі іс-шаралары қамтылғандығын ескертті.
"Біртұтас тәрбие"
26
сентябрь
2024
"Біртұтас тәрбие"
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ" ТҮСІНДІРІЛДІ 26 тамыз күні 1-11 сынып жетекшілеріне "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритім" тақырыбында оқыту семинары өткізілді.Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптсатыру бағдарламаның негізгі мақсаттарының  бірі.