5-10 сынып білім алушыларының доминантты қабылдау каналдарын анықтауға жүргізілген диагностикасы
5-10 сынып білім алушыларының доминантты қабылдау каналдарын анықтауға жүргізілген диагностикалық зерттеудің анықтамасы
Мақсаты: оқушылардың доминантты қабылдау каналдарын анықтау.
Өткізілген күні: 12 .12.2022 ж.
Қолданылған әдіс: тест
Сыныбы: 5-10 сыныптар
Қатысқан оқушы саны: 269
5А | 5Ә | 6А | 6Ә | 6Б | 7А | 7Ә | 7Б | 8А | 8Ә | 8Б | 9А | 9Ә | 10А | 10Ә |
18 | 17 | 20 | 20 | 20 | 22 | 20 | 19 | 17 | 18 | 15 | 21 | 19 | 12 | 11 |
Жүргізген: педагог-психолог Н.Кангабылова
Зерттеудің барысы:
Берілген сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беру тапсырылды.
Зерттеудің нәтижесінде:
5А - № | Қабылдау каналы | |
аудиал | 6 – 32% | |
визуал | 7 - 36% | |
кинестетик | 6 - 32% |
5Ә - № | Қабылдау каналы | |
аудиал | 6 – 35% | |
визуал | 8 - 47% | |
кинестетик | 3 - 18% |
6А - № | Қабылдау каналы | |
аудиал | 8 – 40% | |
визуал | 8 - 40% | |
кинестетик | 4 - 20% |
6Ә - № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 9 – 45% | |
визуал | 6 - 30% | |
кинестетик | 5 - 25% |
6Б - № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 5 – 25% | |
визуал | 11 - 55% | |
кинестетик | 4 - 20% |
7А - № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 10 – 45% | |
визуал | 6 – 27,5% | |
кинестетик | 6 – 27,5% |
7Ә - № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 6 – 30% | |
визуал | 8 – 40% | |
кинестетик | 6 – 30% |
7Б - № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 5 – 26% | |
визуал | 8 – 42% | |
кинестетик | 6 – 32% |
8А - № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 10 – 59% | |
визуал | 6 – 35% | |
кинестетик | 1 – 6% |
8Ә - № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 10 – 55% | |
визуал | 7 – 39% | |
кинестетик | 1 – 6% |
8Б - № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 7 – 47% | |
визуал | 5 – 33% | |
кинестетик | 3 – 20% |
9А - № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 3 – 19% | |
визуал | 9 – 38% | |
кинестетик | 9 – 43% |
9Ә - № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 6 – 32% | |
визуал | 7 – 36% | |
кинестетик | 6 – 32% |
10А- № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 4 – 33% | |
визуал | 6 – 50% | |
кинестетик | 2 – 17% |
10Ә- № | Оқушының аты-жөні | Қабылдау каналы |
аудиал | 1 – 9% | |
визуал | 3 – 27% | |
кинестетик | 7 – 64% |
Корытынды:
Баланың мектепте оқуы – бұл негізінен ұсынылған ақпаратты оның қабылдауы және игеру үрдісі.
Ұсынылған ақпаратты қабылдау және өңдеу ерекшеліктеріне қарай адамдарды шартты түрде төрт санатқа бөлуге болады олар: аудиал, визуал, кинестетик және дискрет (дискреттер оқушылар арасында сирек кездеседі).
Көруге бейімділер (визуал) – бұлар ақпараттың қомақты бөлігін көздің көмегімен көру арқылы қабылдаушылар;
Естуге бейімділер(аудиалы) – ақпаратты негізінен есту арнасы арқылы алатындар;
Кинестетиктер – ақпараттың біршама бөлігін басқа сезімдер арқылы (иіскеп білу, түйсіну т.б) және қозғалыстар көмегімен қабылдаушылар;
Ұсыныс: Сынып жетекшісіне және пән мұғалімдеріне.
Аудиалдарды сыныптың сол жақ бөлігіне отырғызу маңызды (мидың оң жақ бөлігі белсенді жұмыс жасайды)
Визуал оқушыларды ортаңғы қатарға, алдыңғы парталарға отырғызған дұрыс.
Кинестетиктерді сыныптың оң жақ бөлігіне отырғызу маңызды (мидың сол жақ бөлігі белсенді жұмыс жасайды)
Визуалдардан тапсырманы жылдам орындап шешуін талап ету қажет;
Аудиалдардан естіген материалды дер кезінде қайталап айтқызу керек;
Ал кинестетиктерге ерекше қарым-қатынас қажет етеді. Сондықтан мұғалім тарапынан ұзақ уақыт күту пен шыдамдылық қажет.
Сабақ кезінде немесе үй тапсырмасын орындау кезінде мұғалім ескерілу қажет:
Визуалдар айналасында жүзеге асып жатқан құбылыстарға терең үңіліп, ақпаратты көздері арқылы қабылдайды. Олар көз алдына бейнені елестетіп, оны сипаттап бере алады. Әңгімені де жақсы айтады. Визуалды жүйенің арқасында шексіз армандап, жаңа дүниелерді ойлап табуға бейім. Олар барлығын да өте жақсы ұйымдастырады. Визуалдарға материалды түсіндіру немесе бекіту үшін сурет, графика, кесте т.б. ұсынған абзал. Осылайша ақпаратты жылдам әрі жақсы түсінеді және ұзақ мерзімге есте сақтайды.
Аудиалдар ақпаратты есту мүшесі арқылы қабылдайтындығын ескеру барысында мұғалімнің баяндауы, дауыс екпіні мен ырғағы үйлесімді болу керек. Және оқушыға тапсырманы орындағанда оқып отырып сырттай жай дауыспен оқу керек. Яғни бала өз дауысын естіп отыру қажет. Олардың есте сақтау қабілеті мен есту мүмкіндігі өте жақсы дамығандықтан айтып берген ақпаратты немесе ауызша оқыған мәліметті сөзбе сөз қайталап беру мүмкіндігі бар.
Кинестетиктер қоршаған ортаны ерекше сезініп, ақпаратты қимыл-қозғалыс, ұстап көру, және баяндаушының жест, мимикасы арқылы қабылдайды. Сондықтан мұндай оқушыларды мұғалім басты назар аударып үнемі мән беріп отырса олардың ақпартты игеру мүмкіндігі де жоғарылайды. (иығынан ұстау, арқасынан қағу, басынан сипалау т.б.).
Әрбір баламен жақсы қарым-қатынас орнату өте маңызды.
- Көруге бейімділермен (визуалдармен) заттың түсін, көлемін, түрін, тұрған жерін суреттейтін сөздерді қолдана отырып, мазмұнның әр түрлі пунктері мен аспектілерін түспен ерекшелей отырып, қозғалысты жаза, сызбаларды пайдалана, кестелермен көрнекі құралдарды көрсете отыра араласу.
- Естуге бейімділермен (аудиалдар) дауыс ырғағын пайдалана отырып (қаттылық, үзіліс, жоғарылық) сөз мәнерін денемен көрсете отырып (әсіресе баспен) осы типтегілерге тән қабылдау жылдамдығымен.
- Кинететиктермен ым, қимылдарды, жанасуларды және осыларға тән ойлау үрдістерінің баяу, жылдамдығын пайдалана отырып, кинестетиктердің бұлшық ет арқылы есте сақтайтынын ұмытпау керек. Ол өскен сайын есте сақтау да жақсарады, оларға сіздің ақпаратта роль ойнауға рұқсат ету керек;
- көруге бейімдіге басты шайқап, саусақ көрсетіп сескендіру дұрыс болады;
- естуге бейімдіге сыбырлап қана «ш-ш-ш» немесе «тыныш» деп айту;
- кинестетиктердің иығына қолды қойып, оның арқасынан қағып қою керек.
Әрбір адам өз өмірінде, оның ішінде балада, қабылдаудың әртүрлі арналарын пайдаланатыны түсінікті жағдай. Ол өзінің табиғатына қарай көруге бейімді болуы мүмкін, бірақ бұдан біз оның басқа да органдарының жұмыс істемейді деген қорытынды шығара алмаймыз. Оларды дамытуға болады, және ол қажет те. Ақпараттарды қабылдау үшін арналар неғұрлым көбірек ашылса, соғұрлым оқыту үрдісі де тиімді жүретін болады.
Мұғалімдер өз жұмыстарында балалардың бұл ерекшеліктерін үнемі ескеріп отырулары қажет.

