5 сынып оқушыларының орта буында оқуға бейімделуі бойынша қорытынды » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 5 сынып оқушыларының орта буында оқуға бейімделуі бойынша қорытынды
29
октябрь
2021

5 сынып оқушыларының орта буында оқуға бейімделуі бойынша қорытынды

«Еңбек ауылындағы № 22 орта мектеп» КММ-нің
5 сынып оқушыларының орта буында оқуға бейімделуі бойынша психологиялық- педагогикалық  диагностика жұмысының қорытынды
АНЫҚТАМАСЫ
      Бастауыш сыныптан орта мектепке өтуі – оқушылардың мектеп өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, ал 5-сынып оқушысының бейімделуі – бала өміріндегі әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең.
     5-сынып оқушыларының негізгі мектепке бейімделуінің алғышарттарының бірі – оқушының өзінің оқу қызметіне басшылық жасау, оқудың мәні мен мазмұнын түсіне біліп, мақсатты түрде оқуға өзін жұмылдырып, өз бетімен жұмыс істеуге дағдылануы қажет. Бұл кезде оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі – оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін өз бетінше жүргізу.
     Бесінші сынып оқушыларының бейімделуін анықтауға қыркүйектен - қазан айы аралығында келесі зерттеулер өткізілді: білім алушылардан Н.  Лусканованың «Оқу мотивациясын анықтау» тесті,  пәнге деген көзқарасын анықтау үшін «Түймедақ», Танымдық қабілеттерін анықтау: Ойлау, есте сақтау, зейін, қиял, қабылдау, Өзін – өзі бағалау «Баспалдақ» әдістемесі, «Мектептегі дегбірсіздік деңгейі» Филлипс тесті және социометрия әдісі алынды.
      2021-2022 оқу жылында 3 – бесінші сынып оқуын бастады.   5-сынып білім алушылардың мектеп мотивациялық деңгейін скринингті бағалау үшін, мектепке және оқу үдерісіне қатынасын, мектеп жағдайына эмоционалды жауап беруін айқындайтын 10 сұрақтан тұратын сауалнама алынды.
     Мектеп мотивациясының 5 негізгі деңгейі белгілі:
  • Мектеп мотивациясының жоғарғы деңгейі;
  • Жақсы мотивациясы;
  • Мектепке жағымды қатынасы;
  • Төменгі мектеп мотивациясы;
  • Жағымсыз мектеп мотивациясы, мектеп дезадаптациясы.
Білім алушылардың мектептегі мотивация деңгейі      
№СыныпМотивация деңгейі
Өте жоғарыЖоғарыОрта Төмен 
15 «А»
21 оқушы
47%
10 оқушы
38%
8 оқушы
15%
3 оқушы
-
25 «Ә»
19 оқушы
11%
2 оқушы
53%
10 оқушы
31%
6 оқушы
5%
1 оқушы
35 «Б»
20  оқушы
15%
3 оқушы
80%
16 оқушы
5%
1 оқушы
-
Филипстің мектептегі дегбірсіздік деңгейін анықтау әдістемесі
Мақсаты:негізгі мектеп жасындағы балалардың мектеппен байланысты үрейлік сипаты мен деңгейін зерттеу.
Әрбір синдромға (факторға) мазмұнды сипаттама
     Мектептегі жалпы дегбірсіздік – мектеп өміріне араласудағы әртүрлі формаларға байланысты баланың жалпы эмоционалды жағдайы.
Әлеуметтік стресті толқу – баланың эмоционалды жағдайы, бұның фонында оның әлеуметтік байланысы дамиды (ең бастысы - құрдастарымен).
Жетістікке жетудегі қажеттілік фрустрациясы – жайсыз психикалық фон жоғарғы нәтижелеріне және т.б. қол жеткізуде баланың жетістіктегі өз қажеттілігін дамытуға мүмкіндік бермейді.
Өзіндік көрсету қорқынышы – жағдайды жағымсыз эмоциональды өткеру, өзіндік ашылу қажеттілігімен жүретін, өзін басқаларға таныту, өз мүмкіндіктерін демонстрациялау.
Білімін тексеру жағдайдағы қорқыныш – білімін, жетістіктерін және білімін (әсіресе жариялық) тексеру жағдайларындағы дегбірсіздікті өткеру және жағымсыз байланыс.
Қоршаған орта күтуіне сәйкес еместік қорқынышы – қоршағандар беретін бағаға деген қауіптілік, жағымсыз бағаны күту кезіндегі өзіндік нәтижелерін, әрекеттерін және ойларын бағалаудағы басқалардың маңыздылығындағы бағдары.
Стреске төмен физиологиялық қарсылық – психофизиологиялық ұйымдастырудағы ерекшеліктер, стрессогенді сипаттағы жағдайға баланың үйренуінің төмендеуі, ортаның қауіп факторларына бара-бар емес, деструктивті жауап беруі.
Мұғаліммен қарым-қатынас кезіндегі қорқыныш – мектептегі ересектермен қатынастағы жағымсыз эмоционалды фоны, баланың білім алу кезіндегі үлгерімінің төмендеуі.
Әлеуметтік стрессті сезіну:
5А сыныбы бойынша 9 оқушыда мазасыздық төмен, 2 оқушыда мазасыздық орташа;
5Ә сыныбы бойынша 13 оқушыда мазасыздық төмен, 6 оқушыда мазасыздық орташа
5Б сыныбы бойынша 14 оқушыда мазасыздық төмен, 6 оқушыда мазасыздық орташа
Табысқа жету қажеттілігінің бұзылуы:
5А сыныбы бойынша 21 оқушыда мазасыздық төмен
5Ә сыныбы бойынша 16 оқушыда мазасыздық төмен, 3 оқушыда мазасыздық орташа
5Б сыныбы бойынша 17 оқушыда төмен, 3 оқушыда орташа мазасыздық
Өзін-өзі көрсетуден қорқу:
5А сыныбы бойынша 9 оқушыда төмен, 9 оқушыда орташа мазасыздық, 3 оқушыда жоғарғы мазасыздық 
5Ә сыныбы бойынша 8 оқушыда төмен, 9 оқушыда орташа мазасыздық, 2 оқушыда жоғарғы мазасыздық 
5Б сыныбы бойынша 6 оқушыда төмен, 8 оқушыда орташа мазасыздық, 6 оқушыда жоғары мазасыздық.
Білімді тексеру жағдайынан қорқу: 
5А сыныбы бойынша 10 оқушыда төмен, 10 оқушыда орта мазасыздық, 1 оқушыда жоғарғы мазасыздық. 
5Ә сыныбы бойынша 5оқушыда төмен, 9 оқушыда орта мазасыздық, 5 оқушыда жоғарғы мазасыздық. 
5Б сыныбы бойынша 2 оқушыда төмен, 8 оқушыда орта мазасыздық,10 оқушыда жоғарғы мазасыздық. 
Өзгелердің үміттерін қанағаттандырудан қорқу:
5А сыныбы бойынша 18 оқушыда төмен, 1 оқушыда орта мазасыздық, 2 оқушыда жоғарғы мазасыздық.
5Ә сыныбы бойынша 12 оқушыда төмен, 4 оқушыда орта мазасыздық, 3 оқушыда жоғарғы мазасыздық.
5Б сыныбы бойынша 14 оқушыда төмен, 6 оқушыда орта мазасыздық.
Стрестің төмен физиологиялық төзімділігі:
5А сыныбы бойынша 18 оқушыда төмен, 1 оқушыда орта мазасыздық, 2 оқушыда жоғарғы мазасыздық.
5Ә сыныбы бойынша 8 оқушыда төмен, 6 оқушыда орта мазасыздық, 5 оқушыда жоғарғы мазасыздық.
5Б сыныбы бойынша 13 оқушыда төмен, 3 оқушыда орта мазасыздық, 4 оқушыда жоғарғы мазасыздық.
Мұғалімдермен қарым-қатынастағы проблемалар мен қорқыныш:
5А сыныбы бойынша 15 оқушыда төмен, 6 оқушыда орташа мазасыздық.
5Ә сыныбы бойынша 6 оқушыда төмен, 13 оқушыда орташа мазасыздық.
5Б сыныбы бойынша 10 оқушыда төмен, 10 оқушыда орташа мазасыздық.
Мектептегі жалпы мазасыздық:
5А сыныбы бойынша 15 оқушыда төмен, 6 оқушыда орташа мазасыздық 
5Ә сыныбы бойынша 11 оқушыда төмен, 7 оқушыда орташа мазасыздық, 1 оқушыда жоғарғы мазасыздық.  
5Б сыныбы бойынша 7 оқушыда төмен,11 оқушыда орташа мазасыздық, 2 оқушыда жоғарғы мазасыздық
№СыныпФакторлар
Әлеуметтік стрессті сезіну Табысқа жету қажеттілігінің бұзылуыӨзін-өзі көрсетуден қорқуБілімді тексеру жағдайынан қорқуӨзгелердің үміттерін қанағаттандыруданСтрестің төмен физиологиялық төзімділігіМұғалімдермен қарым-қатынастағыМектептегі жалпы мазасыздық
15 «А»
21 оқушы
27%31%48%47%32%37%36%44%
25 «Ә»
19 оқушы
38%38%38%38%38%38%38%38%
35 «Б»
20 оқушы
36%36%36%36%36%36%36%36%
 



«Социометрия»     әдістемесі
Сыныптағы  оқушылардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу мақсаында 5 А,Ә,Б сыныптарынан социометрия әдістемесі алынды. Социометриалық талдау барысында 5А сыныптағы оқушылардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктері, орны анықталды. Топтың ұжымшылдығы 0,12% ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі қалыптаспағандығының белгісі болып саналады. Жұлдыздар: 1 оқушы, Қалаулылар: 10 оқушы, Қалаусыздар: 10 оқушы, Шеттетілген оқушы жоқ
5 Ә сыныптағы топтың ұжымшылдығы 0,17%  сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі қалыптаспағандығының белгісі болып саналады.
Жұлдыздар: 2 оқушы, Қалаулылар: 13 оқушы, Қалаусыздар: 4 оқушы, Шеттетілген оқушы жоқ. 
5Б сыныптағы топтың ұжымшылдығы 0,28%  сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық  орташа деңгейге, қалыптасып келе жатыр
Жұлдыздар: 4 оқушы, Қалаулылар: 6 оқушы, Қалаусыздар: 7 оқушы, Шеттетілген: 3 оқушы. 
«Түймедағы» гүлі
Оқушылардың пәнге деген көзқарасын анықтау мақсатында «Түймедағы гүлі» әдістемесі алынды. Оқушыларға түймедағы гүлінің әрбір күлтесіне пәннің аты жазылған парақтар таратылып беріледі.  
Қызықты, ұнайтын пәнді – қызыл түспен;
Қиын пәнді – көк түспен;
Қызықсыз пәнді – сары түспен;
Ұнамайтын пәнді – қара түспен бояу керектігі түсіндіріледі
Нәтижесінде: 5А сыныбы  бойынша: 
пәндерқызықты пәнқиын пәнқызықсыз пәнұнамайтын пән
еңбек85%5%10%0
дене85%05%10%
матем81%14%05%
ағылшын62%14%19%5%
қаз әдеб62%10%18%10%
Қаз тар57%10%14%19%
қаз тіл57%10%28%5%
ӨӨТ57%5%24%14%
орыс т. әдеб53%14%19%14%
Жаратылыстану52%15%33%0
музыка38%14%29%19%
5Ә сыныбы бойынша:
пәндерқызықты пәнқиын пәнқызықсыз пәнұнамайтын пән
дене95%00%5%
еңбек85%5%5%5%
матем84%16%00%
ӨӨТ74%11%11%4%
қаз тіл68%26%0%5%
қаз әдеб63%26%1%1%
ағылшын58%32%0%10%
орыс т. әдеб58%31%0%11%
музыка58%26%11%5%
Жаратылыстану53%21%11%15%
Қаз тар47%42%0%11%
5Б сыныбы бойынша:
пәндерқызықты пәнқиын пәнқызықсыз пәнұнамайтын пән
еңбек85%10%5%
дене75%15%10%0%
матем75%25%00%
музыка65%10%15%1%
Жаратылыстану65%30%0%5%
ағылшын60%25%5%10%
қаз тіл55%25%20%10%
қаз әдеб55%25%5%15%
орыс т. әдеб45%30%5%20%
Қаз тар45%35%10%10%
ӨӨТ35%20%25%20%
 «Баспалдақ» әдістемесі.
5 сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын анықтау мақсатында «Баспалдақ» әдістемесі алынды. 
Өзін-өзі бағалау деңгейлері5А5Ә5Б
Жоғары              10%27%20%
Орта    90%73%75%
Төмен    005%
«Зейін, есте сақтау, ойлау» қабілетін анықтау
Келесі  бақылаудың     түрі - оқушылардың танымдық қабілеттерін анықтау мақсатында  жүргізілді. 
Оқушылардың танымдық процестерінің деңгейін анықтау мақсатында диагностикалар алынды, нәтижелері шығарылды.
Есту және көру арқылы есте сақтау әдістемесі.
5 сынып оқушыларының «Есте сақтау қабілетін» бақылау мақсатында «10 сөз» әдісі берілді. Бұл әдісті таңдаудағы мақсат -5 сынып оқушыларының     есте сақтау қабілеттерін психологиялық тұрғыда бақылау болды.
Есту арқылы есте сақтауға бір-біріне ұқсамайтын 10 сөз берілді. Сөздер 3 рет оқылды. Содан кейін сол сөздерді қағаз бетіне түсірулері керек. 9-10 сөз – жоғары, 4-8 сөз – орта, 1-3 сөз – төмен көрсеткіш.
Ал көру арқылы есте сақтауға бір-біріне ұқсамайтын 10 сөз беріледі. Сөздер 1 минут көрсетіліп, алынып тасталынады. Балалар сол көрген сөздерде қайталап жазулары керек. 9-10 сөз – жоғары, 4-8 сөз – орта, 1-3 сөз – төмен көрсеткіш.
5А сыныбы бойынша: Көру арқылы есте сақтау бойынша оқушылардың 57% -ы жоғары, 38% -ы орта, 5 % төмен деңгейді көрсетті. Төмен деңгейді көрсеткен оқушы анықталмады.
Есту арқылы есте сақтау бойынша оқушылардың 24% -ы жоғары,  71-ы орта , 5% -ы төмен көрсеткіш көрсетті.
5Ә сыныбы бойынша: Көру арқылы есте сақтау бойынша оқушылардың 25% -ы жоғары, 73% -ы орта, 5 % төмен деңгейді көрсетті. 
Есту арқылы есте сақтау бойынша оқушылардың 32% -ы жоғары,  68-ы орта, төмен көрсеткіш көрсеткен оқушы жоқ..
5Б сыныбы бойынша: Көру арқылы есте сақтау бойынша оқушылардың 30% -ы жоғары, 65% -ы орта, 5 % төмен деңгейді көрсетті. 
Есту арқылы есте сақтау бойынша оқушылардың 45% -ы жоғары,     55-ы орта , Төмен деңгейді көрсеткен оқушы анықталмады.
Қиял ерекшеліктері
5 сыныпта оқушыларына     өздеріне ұнайтын тақырыпта Әңгіме құрастыруға  өз ойларын еркін жазып беру тапсырмасы берілді. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсат: 5сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қиял ерекшеліктерін қалыптасуын, дамуын психологиялық тұрғыда бақылау болды.
          Берілген тапсырма бастауыш буыннан орта буынға келген 5 сынып оқушыларының қиял ерекшеліктерін,  сөздік қоры мен ойлауды жазу арқылы дамыту, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуын айқындайды.
Әдістеме     қорытындысы  бойынша  барлық     сыныптарда  төмен деңгей  көрсеткен оқушылармен  сынып     жетекшілер  мен  пән мұғалімдері оқушылардың әңгімелер, ертегілер, әдеби кітаптар оқуын қадағалау, сауатты жазуға баулу, оқыған әңгімелерін мазмұндап айтуға дағдыландыру логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттеріне байланысты сабақ барысында түрлі жаттығулар қолдану арқылы қиялын, ой ұшқырлығын  ұштау қажет
5 А сынып оқушылардың қиял ерекшелігінің жалпы көрсеткіші 5% -ы жоғары, 47% -ы орта,қалған 47% -ы төмен деңгейді көрсетті. Сыныптың жалпы көрсеткішіне қарап, қиял ерекшеліктері орта деңгейде екенін байқауға болады.
5Ә сынып оқушылардың қиял ерекшелігінің жалпы көрсеткіші 37% -ы жоғары, 53% -ы орта,қалған 10% -ы төмен деңгейді көрсетті. Сыныптың жалпы көрсеткішіне қарап, қиял ерекшеліктері орта деңгейде екенін байқауға болады.
5 Б сынып оқушылардың қиял ерекшелігінің жалпы көрсеткіші 15% -ы жоғары,50% -ы орта, қалған 35% -ы төмен деңгейді көрсетті. Сыныптың жалпы көрсеткішіне қарап, қиял ерекшеліктері ортадан  төмен деңгейде екенін байқауға болады.
Зейіннің қызмет кезінде қандай деңгейде жұмыс атқаратынын анықтауға арналған әдістеме алынып, нәтижесінде 5 а сынып оқушылардың зейін функцияларының даму деңгейінің жалпы көрсеткіші 15% -ы жоғары, 70% -ы орта, қалған 15% -ы төмен деңгейді көрсетті. Әдістеменің қорытындысына қарап, сыныптың деңгейі орта екенін байқауға болады.
5 Ә сынып оқушылардың зейін функцияларының даму деңгейінің жалпы көрсеткіші 32% -ы жоғары, 42% -ы орта, қалған 26% -ы төмен деңгейді көрсетті. Әдістеменің қорытындысына қарап, сыныптың деңгейі орта екенін байқауға болады.
5 Б сынып оқушылардың зейін функцияларының даму деңгейінің жалпы көрсеткіші 30% -ы жоғары, 70% -ы орта деңгейді көрсетті. Әдістеменің қорытындысына қарап, сыныптың деңгейі орта екенін байқауға болады.
Зейіннің таңдамалылығын анықтау мақсатында  Мюстенберг әдістемесі алынды, нәтижесінде: 5А сыныбында жалпы көрсеткіші 6 оқушыда 29% -ы жоғары, 12 оқушыда 57% -ы орта, 3 оқушыда 14% -ы төмен деңгейді көрсетті.
5Ә сыныбында 4 оқушыда 21% -ы жоғары, 10 оқушыда 53% -ы орта, 3 оқушыда 26% -ы төмен деңгейді көрсетті. 5Б сынып оқушыларының 35% -ы жоғары, 50% -ы орта, қалған 15% -ы төмен деңгейді көрсетті. Осы қорытындыға қарап оқушылардың қабылдау ерекшелігін орташа деңгейде екендігін аңғаруға болады.
5А сыныбыЕсте сақтау


Танымдық процестеріКөру арқылыЕсту арқылыЗейін функциясы
ның дамуы
Зейіннің таңдамалы
лығын
қиял ерекшеліктері
Жоғары57%24%15%29%5%
Орта 38%71%70%57%47%
төмен5%5%15%14%47%
5Ә сыныбыЕсте сақтау


Танымдық процестеріКөру арқылыЕсту арқылыЗейін функциясы
ның дамуы
Зейіннің таңдамалы
лығын
қиял ерекшеліктері
Жоғары25%32%32%21%37%
Орта 73%68%42%53%53%
төмен5%-26%26%10%
5Б сыныбыЕсте сақтау


Танымдық процестеріКөру арқылыЕсту арқылыЗейін функциясы
ның дамуы
Зейіннің таңдамалы
лығын
қиял ерекшеліктері
Жоғары30%45%30%35%15%
Орта 65%55%70%50%50%
төмен5%--15%35%
Қорытынды:
Сонымен, оқушы кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтудегі пәндік бейімделу кезеңіндегі жүргізілген психологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысы төмендегідей нәтиже берді:
5 сынып оқушыларының мектептегі мотивациясы 
№СыныпМотивация деңгейі
Өте жоғарыЖоғарыОрта Төмен 
15 «А»
21 оқушы
47%
10 оқушы
38%
8 оқушы
15%
3 оқушы
-
25 «Ә»
19 оқушы
11%
2 оқушы
53%
10 оқушы
31%
6 оқушы
5%
1 оқушы
35 «Б»
20  оқушы
15%
3 оқушы
80%
16 оқушы
5%
1 оқушы
-
өте жоғары 15 оқушыда- 25% , жоғары -34 оқушыда-57%, орта 10 оқушы-17%, төмен 1 оқушы-1 %  көрсетті. 
Оқушылардың мектептегі мазасыздық деңгейі – 5 «А» сыныбында – өзі-өзі көрсетуден қорқу –(48%), Білімді тексеру жағдайынан қорқу-(47%);
5 «Ә» сыныбында – білімін тексеру жағдайындағы қорқыныш (66%), Стрестің төмен физиологиялық төзімділігі (52%); мұғаліммен қарым-қатынас кезіндегі қорқыныш пен проблемалар (51%);
5 «Б» сыныбында -  Өзін-өзі көрсетуден қорқу (59%), Білімді тексеру жағдайынан қорқу(71%), мұғаліммен қарым-қатынас кезіндегі қорқыныш пен проблемалар (51%);  мектептегі жалпы дегбірсіздік (56%); 
Ұсыныстар:
Бейімделу кезеңінде кездескен сәтсіздікті қорытындылау және түзету жұмыстарын жүргізу;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әр пән мұғалімі оқушыға деген эмоционалды қарым-қатынасын түзету,  жаңа ортаға бейімделуіне жағдай жасау. 
Оқушылардың танымдық ерекшеліктерін сабақтарда жаттығу, ойындарды қолдану арқылы жетілдіру, дамыту.
Сынып сағаттарын, тренинг-жаттығуларын өткізу  арқылы     оқушылар арасында ауызбіршілік, татулық қалыптастастыру, қарым-қатынастарын нығайту
Оқушымен қарым-қатынаста баланың кемшіліктеріне емес,     артықшылықтарына көңіл бөлу, мадақтау, ынталандырып отыру
Педагог-психолог:                           Н.Кангабылова