22
май
2025
«Заң және тәртіп»
Мамыр - бірллік пен ынтымақ айының 22 күні мектебімізде «Заң және тәртіп» тақырыбында Талдықорған қаласы прокуратурысының бөлім прокуроры Көпенов Меиржан Бақытжанұлымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Су жағалауындағы қауіпсіздік, Жол ережелері, Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік, түнгі 22.00-ден кейін ата-анасынсыз(заңды өкілінсіз) көшеде, ойын-сауық орындарда жүрмеу және зиянды әдеттерден аулақ болу керектігі жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар мектеп бітіруші түлектерге соңғы қоңырау кезіндегі тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру арқылы, өрескел қылықтар жасамауға, автокөлікпен көшеде қыдыруға, бет-албатты ата-аналарының рұқсатынсыз тауға шығуға, көңіл көтеру орындарына баруға болмайтынын айттып өтті.