14
май
2025
«Бала қауіпсізідігі – басты міндет» , «Құқықбұзушылықтың алдын алу», «Нашақорлық – қоғам дерті!»
Мамыр бірлік пен ынтымақ айының 14 күні Отбасы күні жоспарына сәйкес Кәмелетке толмаған оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеп, денсаулығын нығайту және сақтау, нашақорлықтан және зиянды әдеттерден сақтанып жүруге тәрбиелеу, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыру мақсатында Жетісу облысы ПД ЖПҚБ орынбасары полиция полковнигі Белгибаева Аида Елеуовнаның қатысуымен мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларымен және ата-аналарына арналған кездесу өткізілді. Кездесуді мектеп директоры Е.Мусанов ашып, келген қонақтармен таныстырып, кездесудің мақсаты мен міндетін айтып өтті. Қонақта болған құқық қорғау мамандары Жетісу облысы ПД ЖПҚБ орынбасары полиция полковнигі Белгибаева Аида Елеуовна, Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УИ полиция майоры Д.Мырзакулов, Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ аға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Г.Сакенова. «Бала қауіпсізідігі – басты міндет» , «Құқықбұзушылықтың алдын алу», «Нашақорлық – қоғам дерті!», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік», «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік», «Ашық терезе», «Жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыптарында ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында видео роликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Келеңсіз жайттардың алдын алу бойынша кеңестер айтылды.@zhetysu_centr
@zhetisu_umc
@taldykorgan_bilim
@gorono_metod @meruertabykalieva
@zhetisu_umc
@taldykorgan_bilim
@gorono_metod @meruertabykalieva