19
март
2025
«Әр сыныптан бір ағаш»
«№22 орта мектеп» КММ-де Наурыз мейрамы қарсаңында «Наурызнама» онкүндігі жоспарына сәйкес 19 наурыз - Жаңару күніне орай «Әр сыныптан бір ағаш» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау, оның ішінде жер бетіне көбірек ағаштар отырғызып, экологиялық жағдайды жақсарту. Ағаштар адам өміріне қажет, олар ауаны тазартып, жерімізді жасылдандырып, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға үлес қосу.
Іс-шараны мектеп директоры Мусанов Ернар Жауынбайұлы ашып, акцияның мақсаты мен міндетін оқушыларға түсіндіріп, болашақта осы отырғызған ағаштардың жемісін бірге көруге тілек білдірді. Аталған іс-шараға 1-11 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және кіші қызметкерлер қатысты. Акция барысында 25 сынып 25 ағаш отырғызды.Қамтылған оқушы саны-306, кіші қызметкерлер саны-25, мұғалімдер саны-35.