05
январь
2025
«МI BATTLE»
2025 жылдың қаңтар – заң және тәртіп айының 5 күні Қысқы каникул жоспарына сәйкес мұғалімдер және оқушылар арасында мектеп директорының ұйымдастыруымен «МI BATTLE» зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты - мұғалімдерді әр-қырынан танып білу; оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, логикалық қабілеттерін арттыру. «МI BATTLE» зияткерлік сайысына 13 топ қатысты. Сайыс барысында әділ баға беретін Әділқазы алқалары: қалалық білім бөлімінің тәрбие бағыты бойынша әдіскері- Нукербаева Асель Камбаровна, мектеп директоры -Мусанов Ернар Жауынбайұлы, қазаұқтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейсембай Талғат Тұрарбекұлы. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, марапатталды.