«Буллинг және кибербуллинг» тақырыбындағы дебат өтті. » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбындағы дебат өтті.
09
январь
2024

«Буллинг және кибербуллинг» тақырыбындағы дебат өтті.

Бүгін мектебімізде баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алуға арналған «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбындағы дебат өтті. 
Дебаттың мақсаты:
1. Білімділік - буллинг және кибербуллинг туралы білімдерін кеңейту, адами құндылықтарға тәрбиелеу, буллинг және кибербуллинг болған жағдайда сақтану жолдарын түсіндіру, командамен жұмыс жасауға баулу.
2. Дамытушылық - буллинг және кибербуллинг туралы ақпараттарды түсіну, игеру және алған білімін пайдалы жағына қолдану, қисынды, сыни ойлау, зерттеушілік және ұйымдастырушылық, шығармашылық коммуникативтік дағдыларын, кәсіби сөйлеу стилі мен шешендік өнерін, басқа адамның пікіріне толерантты көзқараспен қарау, өзін-өзі сенімділігі мен жауапкершілігін, өзін-өзі басқару әлеуетін дамыту.