5-7, 8-11 сынып оқушыларымен «Әлімжеттік, Буллинг деген не?»
5-7, 8-11 сынып оқушыларымен «Әлімжеттік, Буллинг деген не?» тақырыптарында жүргізілген түсіндірме жұмыстары мен көрсетілген видеоролик жұмыстарының анықтамасы
2023 жылдың 10 наурыз күні 5-7 және 8-11 сынып оқушыларына сауалнама нәтижесі таныстырылып «Әлімжеттік, Буллинг деген не?» тақырыптарында видео көрсетіліп (https://youtu.be/RCA_wFW-mSo ), түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Оқушыларға заңға қайшы келетін іс-әрекеттер жасаудың алдын алуға, балалардың өздерін біреу ренжіткен болса, ол туралы ата-анасына және мұғалімдерге айтуға құқылы екендігін, бір-бірлеріне мейірімділікпен, сыйластықпен қарау керектігін, түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеу, ойын-сауық орындарында болмау керектігі жөнінде және тағы да басқа заңдылықтарға қатысты айтылды.





