06
октябрь
2023
«Ұстаз – мектептің жүрегі»
Мектебімізде Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Мерекелік концертке ардагер ұстаздар шақырылды. Салтанатты жиынды мектеп директоры құттықтау сөзімен ашып, ұстаздарды әр түрлі мадақтама грамоталарымен марапаттады. Оқушылар әннен шашу шашып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.


