07
март
2023
"Ана деген тіршіліктің тірегі"
2023 жылдың 7 наурыз күні мектебіміздің оқушылары мен ер азаматтары нәзік жанды ұстаздарымызбен кіші қызметкерлерді 8-наурыз Халықаралық қыздар күнімен құттықтау мақсатында "Ана деген тіршіліктің тірегі" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шара барысында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қ.Шаекенова бір қатар ұстаздар мен қызметкерлерді түрлі дәрежедегі Құрмет грамоталармен марапаттап, жылы лебізін білдірді.Оқушыларымыз ән мен биден шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды.





