11
октябрь
2022
"Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
"Балалар жылы"аясында 2022 жылдың 11 қазан күні "Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: отбасындағы ата-ананың маңыздылығын, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. "Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықпен қылмысты болдырмау және оны алдын алу" тақырыбында Талдықорған ҚПЖ ЖПҚБ УИ полиция капитаны Г. Сәкенова баяндама оқыды. Мектеп психологы Н.Кангабылова Бақытты отбасы-бақытты бала тақырыбында бейнебаян көрсетіліп, ата-аналарға баламен қарым-қатынасты жақсартуға, қолдауға арналған ұсыныстар айтты. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.


