Біз туралы » Страница 28 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
« Руханияттың шамшырағы- Шәкәрім»
12
апрель
2023
« Руханияттың шамшырағы- Шәкәрім»
Сәуір айының 12 күні Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің апталық жоспарына сәйкес 8, 9 сыныптар аралығында « Руханияттың шамшырағы- Шәкәрім»  тақырыбында сыныптан тыс іс- шара өтті. Білім алушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының ар ілімін,  сыр сөздерін ұғынып,  өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.  Нәтижесінде 9«Ә»  сынып оқушылары Мажитова Аргүл І орынды, Нұрланқызы Айлу ІІ орынды,  8«Б» сынып оқушылары Серік Арай,  Ерболатова Мерей ІІІ орындарды иеленді.  Ұйымдастырушы:  Оспанова Мақпал Кенжеахметқызы
"Вирустық гепатит жұқпасының алдын алу "
11
апрель
2023
"Вирустық гепатит жұқпасының алдын алу "
Вирустық гепатит жұқпасының алдын алу барысында мектепте 0-6 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді. Оқушыларға  вирустық гепатит сияқты аурудан тек тазалық ережесін сақтау арқылы сақтануға болатынын және гепатитке қарсы екпе егілу керектігі түсіндірілді. Видеослайд көрсетіліп,  сұрақтарға жауап берілді. Ата аналар чаттарына видео жіберіліп, иммунизацияның маңызы жайлы айтылды.
«Сырбаз мінезді Сырбай»
11
апрель
2023
«Сырбаз мінезді Сырбай»
11.04.2023 күні Еңбек ауылындағы №22  орта мектебінде Қазақ тілі бірлестігі апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Сейсембайдың ұйымдастыруымен жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген, қазақ поэзиясының сырлы да сырбаз ақыны Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Сырбаз мінезді Сырбай» атты поэзия сағаты өтті. Мақсаты: қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндау, сыршыл да
«Анамның тілі – аяулы үні»
10
апрель
2023
«Анамның тілі – аяулы үні»
Бүгін мектебімізде  «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» атты  «Сөз сыры» пән апталығының  ашылуына орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын өз тілін сүйетін, салтын құрметтейтін, ұлттық дәстүрлерін бағалайтын, шығар биігін саралайтын, тіліне жаны ашитын шәкірттеріміздің  тіл тақырыбындағы өлең-жырларды нақышына келтіре мәнерлеп жатқа оқуымен басталып, М.Шахановтың сөзіне жазылған «Рух  пен тіл»,  Ш. Смаханұлын ың  «Анамның тілі – аяулы үні» әнін шырқауымен жалғасын тапты.
"Қауіпсіз интернет"
04
апрель
2023
"Қауіпсіз интернет"
4 сәуір Интернет күніне орай  мектебімізде "Қауіпсіз интернет" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
«Мектеп, оқушы ,ата-ана- ынтымақтастығын арттыру»
04
апрель
2023
«Мектеп, оқушы ,ата-ана- ынтымақтастығын арттыру»
Мектебімізде,  2023 жылдың 04-наурызында 5 сыныптарымен ата-аналар және мұғалімдермен бірлескен «Мектеп, оқушы ,ата-ана- ынтымақтастығын арттыру» тақырыбында  жиналыс өтті. Мақсаты: Мектептегі оқу- тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан-жақты дамуына жанұяның, мектептің ынтымақтастығын арттыру. Сынып жетекшілер әр балаға жеке тоқталып кері байланыстар беріліп, ойларын ортаға салды.
"Болашақ" зияткерлік  байқауы
28
март
2023
"Болашақ" зияткерлік байқауы
" Еңбек ауылындағы МДШО бар № 22 орта мектеп" КММ- нің 6 сынып оқушылары  Г.Сембева, А.Темірханқызы, А.Асанқызы, С.Расулқызы, А.Қамбар, Ұ.Шаметай  Республикалық "Болашақ" зияткерлік байқауына қатысып бас жүлде иеленді. Пән мұғалімі  Ф.И. Азимова
Психологиялық-педагогикалық қолдау
17
март
2023
Психологиялық-педагогикалық қолдау
Арнайы мамандардың жоспарына сәйкес, 17 наурыз күні мектепшілік психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің №4 отырысы өтті.  Тақырыбы: Үшінші тоқсан бойынша ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың даму динамикасына мониторинг жасау, негізгі пәндер бойынша оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалау.  Мақсаты: -Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқытуда кездесетін қиындықтардың сипаты мен себептерін анықтау;  -    Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға ұсыну үшін