ҰБТ алдында 11 сыныптарға арналған психологиялық кеңес. » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰБТ алдында 11 сыныптарға арналған психологиялық кеңес.
03
май
2022

ҰБТ алдында 11 сыныптарға арналған психологиялық кеңес.


ҰБТ алдында 11 сыныптарға арналған психологиялық кеңес.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің бірі - мамандық таңдау. Ол болашақта отау құру, ел қатарына ену дейтін жайттармен өзектесіп жатады.  Әсіресе мамандық таңдау-жастар үшін ерекше мәнді мәселе. Кәсіп және мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызмет салалары өте көп. Сол кәсіпті таңдай білу, дұрыс жолға түсу адамның өзін-өзі тәрбиелей алуына тікелей байланысты.Соның ең алғашқы қадамдарының бірі Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өту.Көп адамдар ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қажытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа. Ең бастысы  дұрыс шешім қабылдау. Ол үшін сенің мынадай бірнеше ережелерді орындағаның дұрыс.

1. Ерекше сабырлылық;

2. Сөз бен істе әділ болу;

3. Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы;

4. Тоқтамға тез келе білу;

5. Өзің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау;

6. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу;

7. Қажетті не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну;

8. Теледидар көруді барынша шекте;

9. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау;

10. Егер үлкен және кішкентай матриалмен жұмыс істесең үлкеннен бастағаның дұрыс.

Дұрыс тамақтану ҰБТ алдындағы өте қажетті жағдайлардың бірі. Сондықтан дұрыс тамақтануды естен шығарма!

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін:

• Сәбіз мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез-келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жаттар алдында бір тәрелке езілген, ұнтақталған маймен араластырылған сәбіз жеу керек.

• Авакадо – аз уақытта есте сақтау қабілетінің энергиялық көзі, себебі оның құрамында жоғары мөлшерде майлы қышқылдар бар. Жемістің жартысын жесең жеткілікті.

• Майлы балықтың құрамында, жүйке жұмысының дұрыс жұмыс жасауына керекті Омега - 3 бар. Сонымен қатар балықта мидың анықтығын сақтайтын йод бар.

Құрметті түлектер! Әрқашан өзіңізге біліміңізге деген сенімдеріңізді жоғалтпаңыздар.
 
 




















ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға кеңес

1.Балаңыздың ҰБТ-ға барар алдындағы алдын-ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайлылықпен қарамай, дұрыс ақыл-кеңес беруге тырысыңыз.

2.Балаңыздың бөлме интерьеріне мән беріңіз. Оның жататын бөлмесін сары мен күлгін түсті көп енгізуге тырысыңыз. Себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.

3.Балаңыздың көңіл-күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз.

4.Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз.

5.Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс-жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз. (грек жаңғағы, балық т.б.)

6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз. (8 сағат түн ұйқысы бұзылмау керек)

7. Ешқашан балаңызды сынап-мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.

8. Балаңызға көмектесіңіз. Үй шаруасын қоя тұрып, қолыңызға секундомер алыңыз. Тестілеуге кететін уақытты есептеп, дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұрыңыз. Айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп, сергіту жаттығуларын жасауға дағдыландырыңыз.

9. Күн сайын дайындықты балаңыз нашар білетін қиын тақырыптан бастаңыздар. Жаңылып қалған жері болса, баланы кемсітіп, ұрыспаңыз. Аса үлкен шыдамдылық танытқаныңыз жөн.

10. ҰБТ тапсыруға психологиялық даярлықты оқушылардың өз уақыттарын дұрыс пайдаланулары да анықтайды. Оның өзінде әрбір 30 минуттан кейін үзіліс жасап, дем алған жөн. Бірақ бұл үзіліс 3-5 минут қана болуы керек. Ал әрбір екі сағаттан соң 20-30 минуттық үзіліс жасау керек. Жалпы, тестке күніне 6-8 сағат дайындалған жөн. Үзіліс кезінде теледидар көру, музыка тыңдау, әлеуметтік желілерде отыру дұрыс емес. Бұл кезде қозғалыс, қимыл қажет. Сонымен қатар тестке даярлық кезінде бала әдеттегіден 1-2 сағат ұзағырақ ұйықтағаны дұрыс болады. Баланың уақытымен тамақтанып, дем алуы керек.

11. Балаға «ұйқы ашуға жақсы» деп, кофе, шай беруге болмайды. Сынаққа дайындалып жүрген балалардың жүйке жүйесінде қозу процесі өзінен-өзі аса жоғары болады. Оның үстіне ащы немесе көп мөлшердегі кофе, шай бұл процесті одан сайын арттырып жібереді. Соның нәтижесінде зейін тұрақсыз, шашыраңқы болып, бала материалға зейін қоя алмай, оның дайындығына зияны тиеді.


Түлектерге сәттілік тілейміз!