«LS тәсілі-біздің тәжірибемізде» тақырыбында бірінші циклді қорытындылау семинары » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «LS тәсілі-біздің тәжірибемізде» тақырыбында бірінші циклді қорытындылау семинары
05
декабрь
2022

«LS тәсілі-біздің тәжірибемізде» тақырыбында бірінші циклді қорытындылау семинары

Әдіскер А.Касымованың ұйымдастыруымен «LS тәсілі-біздің тәжірибемізде» тақырыбында бірінші циклді қорытындылау семинары өтті. Семинар барысында   мектеп директоры Л.Байсова LS бірлескен жұмыс –қазіргі жұмыстың тренді екенін айтып, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі. Топ мүшелерімен циклдің  нәтижесі жан-жақты талқыланды. Мұнда зерттеу мәселесін шешу үшін таңдалған әдіс-тәсілдің тиімділігі, оны қолдануда туындаған кедергілер, кемшіліктер, қиындықтар, олқылықтар қарастырылып, жетістіктерді асырып, дамыту, ал кемшіліктерді түзету мен болашақта болдырмау мәселелері талқыланды. Не және қалай болды? Неліктен олай болды? Бұл не білдіреді? Енді не істеу керек? Деген сұрақтар ауқымында жүрді.