«Отбасылық альбом» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Манапбаева Диляра Жайдарханқызы. Ма » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Отбасылық альбом» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Манапбаева Диляра Жайдарханқызы. Ма
11
апрель
2022

«Отбасылық альбом» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Манапбаева Диляра Жайдарханқызы. Ма

2021-2022 оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес «Отбасы-мектеп» жобасы аясында, ағымдағы жылдың 08.04 – де 2 «Ә» сыныпта   «Отбасылық альбом»  тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі   Манапбаева Диляра  Жайдарханқызы. Мақсаты:  Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы – әр адамның шағын Отаны. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.  Тәрбие сағатының барысында «Ойлан тап» тапсырмасы кезінде балалар отбасы мүшелерінің суреттерін, сұрақтарға жауап бере отырып, жауаптарына қарай суреттерді ажыратып, ретімен тақтаға іліп шықты. Қорытынды кезеңде «Почта жәшігі»  стратегиясын қолданып, балалар отбасына  арнап ізгі тілектері мен сезімдерін хатқа жазып, почта жәшігіне салуы тәрбие сағатының өте ұтымды тұсы болды.