Мектебімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара мектеп директоры Ақшолақова Рахила Молдағалиқызының құттықтау сөзімен басталды. Мектеп ұжымындағы бірқатар әріптестеріміз әртүрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шара жас мамандар мен оқушылардың өнерлерімен өз жалғасын тапты.
Мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Тәуелсіздік-ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн деп нық сеніммен айта аламыз. Мектебіміздің “Айжұлдыз” атты шағын орталығында ересек “Балапан” және “Қарлығаш” топ бүлдіршіндерімен “Тәуелсіз ел ұланы” атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастырып өтті.
Тәуелсіздік-ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтанда біз үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн-деп нық сеніммен айта аламыз. Талдықорған қаласы №22орта мектеп “Айжұлдыз”шағын орталығында ересек “Балапан” және “Қарлығаш” топ бүлдіршіндерімен “Тәуелсіз ел ұланы” атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастырып өтті.
26-қараша күні музыка пәні мұғалімі А. Макажановамен және сынып жетекшілермен бірлесе «Қазақтың 100 әні» жобасы бойынша Қазақ КСРО халық әртісі , кеңес және қазақ мемлекетінің музыкатанушысы, композитор , дирижер Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай 5-6 сынып оқушыларымен танымдық сағат өтті .
«Даланың дара ұстазы Ыбырай Алтынсарин» Мақсаты : Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды танысты ра отырып, ұ лы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.