Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі бойынша іс-шаралар » Страница 24 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дублер күні" іс -шарасы
20
сентябрь
2022
"Дублер күні" іс -шарасы
Мұғалімдер күніне арналған "Дублер күні" іс -шарасы мектепте білім алушылардың өзін - өзі басқару күнін өткізу барысында  оның мақсатын, міндеттерін өткізу форматы мен тәртібін айқындайды. Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін - өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
"Тілдер мерекесінің" онкүндігі
19
сентябрь
2022
"Тілдер мерекесінің" онкүндігі
"Тілдер мерекесінің" онкүндігі өтті.  Үш тілде  шет тілі, орыс тілі, қазақ тілі бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастырумен оқушылардың орындауында би биленді, ән айтылды, монолог оқылды. Тілге құрметпен қарау-елге құрметпен қарау. Мектепішілік өткізілген іс-шараның да маңыздылығы осында болмақ. Өткізілген іс-шара оқушылар көкейінде үлкен әсер қалдырды.
Кітапхана – білім мен ғылым ордасы, білімнің шуағы
16
сентябрь
2022
Кітапхана – білім мен ғылым ордасы, білімнің шуағы
Кітап-білім бұлағы, білім –өнер шырағы  Бұл қастерлі- кітапхана, Мұнда бары кітап қана, Ғылым іздеп келгеннен соң,  Алаңдама кітап қара. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы, білімнің шуағы.  Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Ал, кітап – бұл өмір ұстазы. Сондықтан біз кітап оқуды үйреніп, күнделікті әдетке айналдыруымыз қажет. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.  Осы мақсатта мектепалды даярлық «А» және «Ә» сынып білім алушыларын мектепалды даярлық сынып
«Тілдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл – ұлттың жаны» атты онкүндік аясы
15
сентябрь
2022
«Тілдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл – ұлттың жаны»
«Тілдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл – ұлттың жаны» атты онкүндік аясында кітапханашы А. Искакова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А. Қомпыш пен Г.Акбакированың ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынов - ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында поэзия сағаты өтілді. Бұл тәлімдік іс шараға 6-10-сынып оқушылары қатысып,  Алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері мен мысалдарын, тіл туралы қанатты   сөздерін  жатқа, нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
14
сентябрь
2022
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Тілдер апталығының онкүндігі аясында 3 сыныптар арасында  Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы өтті.Мақсаты: Мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды  сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрете отырып адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу
"Өзін - өзі басқару" ұйымының жұмысын жандандыру
09
сентябрь
2022
"Өзін - өзі басқару" ұйымының жұмысын жандандыру
"Өзін - өзі басқару" ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында 8-10 сынып оқушылар арасында 15. 09.22 - 20.09.22ж.  күндері  аралығында   білім  министрі, мәдениет министрі, спорт министрі, экология министрі, тәрбие министрі, дебат министрі фракциялар бойынша сайлау жұмысы атқарылып өткізілді. Осы аталған фракциялар бойынша білім алушылар өз кандидатураларын ұсынды. Сайлау барысында мектеп ұстаздары, білім алушылар дауыс беруге белсене қатысты. Нәтижесінде көп дауыс жинаған білім алушылар