Ақпарат » Страница 55 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебіміздің 10 “Ә” сынып оқушысы Мажитова Аргүл Франция мемлекеті, Марсель қаласында өткен каратэ шито-рюден ІІІ орын, Астана қаласында өткен Республикалық жарыстан ІІ орын алды. Құттықтаймыз!
19
октябрь
2023
Мектебіміздің 10 “Ә” сынып оқушысы Мажитова Аргүл Франция мемлекеті,
Мектебіміздің 10 “Ә” сынып оқушысы Мажитова Аргүл Франция мемлекеті, Марсель қаласында өткен каратэ шито-рюден ІІІ орын, Астана қаласында өткен Республикалық жарыстан ІІ орын алды. Құттықтаймыз!
" Ең ақылды оқушы"
19
октябрь
2023
" Ең ақылды оқушы"
"Бастау" бірлестігінің онкүндік жоспарына сай Хабай Санахан, Қаламқас Әшімқызы 3 сыныптар арасында сыныптан тыс іс- шара " Ең ақылды оқушы" атты сайыс өткізді. Мақсаты:  Оқушылардың алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру. Оқушылардың арасынан озық ойлы білім жүйрігін анықтау. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу. Сайыста әр сыныптан 3 оқушыдан қатысып, жүлдегерлер анықталды.
"Негізгі пәндерді тиімді өткізудің заманауи әдістері"
19
октябрь
2023
"Негізгі пәндерді тиімді өткізудің заманауи әдістері"
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп" КММ. 19.10. күні ұстаздар арасында "Негізгі пәндерді тиімді өткізудің заманауи әдістері" тақырыбында коучинг өткізілді. Мақсаты: сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін заманауи, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану. Коучинг барысында: "Пирамида", "Ермек-еңбек" әдістерін "Классрум скрин" платформасында пайдалану жолдары  көрсетілді. Кері байланысқа "Жауаптар бағы" әдісін қолданды. Өткізген  мұғалімдер:
“ Жүзден жүйрік”
18
октябрь
2023
“ Жүзден жүйрік”
Бастау бірлестігінің онкүндік жоспарына сай Алмагүл Жакенқызы, Айгерім Рашитқызы, Диляра Жайдарханқызы 2 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара “ Жүзден жүйрік” сайысын өткізді.  Мақсаты: балаларды жан-жақты, білімді болуға үйрету, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдылыққа баулу, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу. Сайысқа әр сыныптан “Алғырлар”, “Жүйріктер”, “ Білімділер” топтары сайысқа түсіп, жеңімпаздар анықталды.
"Бастау"
17
октябрь
2023
"Бастау"
Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар 22 орта мектептің " КММ-нің "Бастау" бірлестігінің онкүндік апталығының жоспарына сәйкес 17.10 .2023 күні 3 "Ә" сынып жетекшісі Қ.Ә.Айтқали математика пәнінен "Формула" тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақта " Wordwall", "Сиқырлы су" " Пирамида" әдістері арқылы топтық,жұптық, жеке тапсырмалар беру арқылы сабақ қызықты өтті.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»
17
октябрь
2023
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»
17 қазан күні «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ  гранты аясында «Жетісу ділмарлары» пікірсайыс қозғалысы жобасының өңірлік пікірсайыс турнирінде мектебіміздің 11 «Ә» сынып оқушылары  Жұмабай Еркежан мен Айсаева Томирис І орынды иеленді. «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды. Жетекшісі: Бөкенова Гүлназ Жанатқызы. Құттықтаймыз!!!
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.
16
октябрь
2023
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тақырыбы: Ойын арқылы баланы дамыту Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту. Ойын арқылы балаларды жан жақты қалыптастыру. Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындарды түсіндіру. Қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру. Қызығушылықтарын қалыптастырып, дамыту. Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде қарастыру. Тәрбиеші : Қабылжан Маржан Аманқызы
“Бастау”
16
октябрь
2023
“Бастау”
“Бастау”бірлестігінің онкүндігі барысында 2 “Ә” сыныбында “Әдебиеттік оқу” пәнінен Айгерім Рашитқызы  “Досыңды ренжітпе. Ол ұйықтап жатыр ма?” тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Мақсаты:мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеу; Сабақ “classroom screen” бағдарламасын тиімді қолдану арқылы жүргізілді.
"Бастау"
13
октябрь
2023
"Бастау"
Енбек ауылындаты мектепке дейінгі шарын орталыны бар N°22 орта мектепте "Бастау" бірлестігінін онкундік жоспарына  сәйкес  13.10.23 куні 2 "А"  сынып жетекшісі А.Ж Майлаякова математика панінен "Айырмалық салыстыруға берілген есептер" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта “Әуе шары","Балапандарды тамақтандыру" әдісімен оқушылар топтық жұмыс, жеке жұмыстар  жүргізілді. Сабақ оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес ұйымдастырылды.