Ақпарат » Страница 22 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
“МИФ”
26
ноябрь
2024
“МИФ”
“МИФ” онкүндігіне орай 26.11.2024  мектебімізде математика  пәнінен   7 сыныптар арасында сыныптан тыс сайыс сабақ өткізілді. Нәтижесінде 7 ә сынып оқушылары жеңіске жетті. Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Ж.К. Токпакбаева
"Информатика әлеміне саяхат"
25
ноябрь
2024
"Информатика әлеміне саяхат"
25.11.2024ж 6 сыныптар арасында "Информатика әлеміне саяхат" атты сайыс сабақ өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардын пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін, зеректілігін арттыру. Сайыс 3 кезеңнен тұрды 1. Бізге 2. Полиглот 3. Ғажайып алаң
ҰБТ
22
ноябрь
2024
ҰБТ
Ағымдағы оқу жылының  22-қарашасында  11 сынып білім алушыларынан ҰБТ -ге дайындық барысында сынама тест алынды.  Мақсаты: мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнiң ең басты мiндетi.
"Модо"
21
ноябрь
2024
"Модо"
Ағымдағы жылдың 19-21қараша аралығында 9-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін мониторинглеу бойынша Tester.kz платформасында тегін сынақ тестілеуі өткізілді. Білім алушыларының оқу жетістіктерін мониторинглеу( МОДО) - мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне білім беру ұйымдарына тәуелсіз білім сапасының жүйелі мониторингі.
“Көшбасшы-математик”
21
ноябрь
2024
“Көшбасшы-математик”
21.11.2024ж 11 сыныптар арасында “Көшбасшы-математик” атты сыныптан тыс зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, сана - сезімін жан - жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру. Белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау, білімдерін жинақтау, ҰБТ-ға дайындығын күшейту. Сайыс 3 кезеңнен тұрды:  1-Кім жылдам? 2-Сиқырлы ұяшықтар 3-“Крестик-нолик” ойыны. Нәтижесінде екі топ тең нәтижеге қол жеткізіп, өз білімдерін толықтырды.
«Қызықты физика»
20
ноябрь
2024
«Қызықты физика»
Қарашаның 18-29 аралығында мектебімізде «Ойшылдар» бірлестігінің  онкүндігі өтуде. 20 караша күні  7 сыныптар арасында «Қызықты физика»  атты сабақтан тыс интеллектуалды сайыс сабағы өтті.  Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.
"Ойшылдар"
19
ноябрь
2024
"Ойшылдар"
19 қараша "Ойшылдар" бірлестігінің онкүндігінің жоспарына сай  А.Кульжабекова 10 сыныптар арасында "Қызық екен" атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, пән аралық байланысын нығайту, функционалдық сауаттылығын арттыру.
"Модо"
19
ноябрь
2024
"Модо"
Мектебімізде  ағымдағы жылдың  19 қарашасында  4-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін мониторинглеу бойынша Tester.kz платформасында тегін сынақ тестілеуі өткізілді. Білім алушыларының оқу жетістіктерін мониторинглеу( МОДО) - мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне білім беру ұйымдарына тәуелсіз білім сапасының жүйелі мониторингі.
"Диктант"
19
ноябрь
2024
"Диктант"
Мектебімізде, ағымдағы жылдың  19-қарашасында 5 сынып  білім алушыларынан «Қазақ тілі»  пәнінен аралық бақылауға дайындық барысында диктант алынды. Мақсаты:  білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығын бағалау; функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
"Республикалық олимпиада"
15
ноябрь
2024
"Республикалық олимпиада"
15 қарашада өткен 5-6 сыныптарға арналған Республикалық олимпиаданың (ІІ) қалалық  кезеңінің жеңімпаздары мен жетекшілері мектеп директорының  құттықтауында болды. Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысы Сайлаубай Сағыныш 3 орын. Жетекшісі: Айгерім Жаксыгельдиевна Жаратылыстану пәнінен 6 сынып оқушысы Манарбек Іңкәр 3 орын. Жетекшісі: Меруерт Тлектесовна                  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!