«Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбындағы сырласу
Тақырыбы: «Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбындағы сырласу
Мақсаты: қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу.
Әдісі: сұрақ-жауап, сауалнама, бейнабаян, сұхбат
Қатысқандар: ДТІЖО Баймұханова А, Мектеп психологы Н.Кангабылова, мектеп медбикесі Д.Амалбекова, қыздар жетекшісі Н.Қуанышбай. 5-7 сынып қыздары
Саны: 64
Барысы:
- Қыздардан «Адамгершілік және жыныстық тәрбие туралы» сауалнама алынды. Сауалнама сұрақтары бойынша 5-7 сынып қыздарымен әңгіме жүргізілді.
- Бейнебаян «Ата-анаға қамқорлық көрсету»
- Қыз балаларға арналған кеңестер:
Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі. /мақал/
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жеке бас тазалығының ережелері:
— Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
— Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
— Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
— Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;
— Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;
— Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;
— Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;
— Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келеді;
— Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;
— Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
— Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;
— Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;
— Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;
— Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
— Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;
— Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына дереу қой;
— Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киім ілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
Мектеп психологы Н.Кангабылова



