11 сынып оқушыларымен «ҰБТ-ға сеніммен қадам басайық» тақырыбында тренинг
11 сынып оқушыларымен «ҰБТ-ға сеніммен қадам басайық» тақырыбында жүргізілген тренинг-жаттығудың анықтамасы
Мерзімі: 10.03.2022ж
Тренинг-жаттығудың мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру
Қатысқандар: 11 сынып оқушылары
Күтілетін нәтиже:
- Емтиханға дайындық тиімділігін арттырады
- Емтихан кезінде психологиялық тұрғыдан өзін дұрыс ұстауды үйренеді.
- Ойлау жұмысын дамытуға әрекет етеді.
- Шешуші сәтте өзін жұмылдыра білуді үйренеді.
- Өз эмоцияларын басқара алуды үйренеді.
Тренингтің ережесі:
1. Бір-бірімізді тыңдаймыз;
2. Достарыммен жақсы қарым-қатынаста болу;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену.
Барысы:
«Сілкіп таста» жаттығуы
Мақсаты: жағымсыз артық, кедергі келтіруші сезімдерден арылу.
Уақыт: 10 минут
Нұсқау: мен сіздерге өздеріңізді ретке келтіру және жағымсыз сезімдерден оңай арылу жолдарын көрсеткім келеді. Біз өзімізде ірі, не ұсақ ауырлықтарды ұстаймыз, оларға біздің көп күшіміз кетеді, жұмсалады. Мысалы, біреумізге мынадай ой келді делік: «Менде тағы сәтті шыққан жоқ. Мен емтиханға дұрыс әзірлене алмаймын.» біреулер өздерін мен емтихан тапсыра алмаймын, қате көп жіберемін және міндетті түрде екі аламын деп ойлайды. Ал біреулер басқалар сияқты қабілетті емеспін, несіне тырысамын дейді.
Әрқайсыңыз өз айналаңызда жеткілікті орын қалдырып, шеңберге тұрайық. Алақан, шынтақ, иығыңызды сілкінуді бастаңыз. Сонымен қатар, бар жағымсыз сезімдер, уайымдар, өзіңіз туралы теріс ойлар, қаздың үстіндегі судай сізден ұшып жатқандай сезініңіз. Содан кейін аяқ басынан бөксеңізге дейін сілкіңіз. Басыңызды да сілкіңіз.
Егерде бұл әрекетіңізді қайсыбір дыбыс қостайтын болса, әсері күшейеді. Енді бетіңізді сілкіңіз, таңданыңыз, ауызды қозғағанда сіздің даусыңызда өзгереді. Сізден жағымсыз күш түскендей және сергек, көңілді, қайтадан дүниеге келгендей ойлаңыз.
Талдау: осы жаттығудан кейінгі сезіміңіз қандай?
Құрметті оқушылар! Сендер үшін жаңа өмір басталғалы отыр – сендер үшін бір белес. Мұндай белестер өмір мектебінде көп болады. Осы алдағы белестерден сүрінбей өтулеріңе ата-ана да, ұстаздарың да тілектес. Сүрінбей өту үшін білімді, сенімді болуымыз керек. Қиындықтарға төтеп беретін психологиялық рухани күш керек. Сондықтан да біз бүгін сендермен осы тақырыпта психологиялық дайындықты күшейту үшін осында шақырып отырмыз. Сәттілік тілейміз!
«Талдау»
(ҰБТ сөзіне талдау жасалынады)
«ҰБТ – бұл …»
Сендер үшін не?
- Мереке
2. Батыр қадам
3. Ауыр жұмыс
4. Күрес
5. Ештеңке емес
6. Болашақтағы тәуелсіздік т.б.
Енді осы ҰБТ-де сәттілікке жету үшін бізге қандай факторлар керек деп ойлайсыңдар?
- Білім деңгейі
2. Эмоциялық өзіңді ұстай білу
3. Қиындыққа төтеп беру
4. Сенімділік
5. Өзіңді ұстай білу т.б.
«Эксперимент» жаттығуы
Мақсаты: стрестік жағдайда өзін ұстауға үйрету
Нұсқау: әр қатысушыға бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндер жазылған қағаз таратылады және мәтін оқу тапсырмасы тапсырылады. 30 секунд ішінде үзінділерді оқу керексіз.
30 секунд ішінде үзінділерді оқу керексіз.
АДАМеңБІРіншіӨзІНөзіТәрБИЕлеуІКЕрЕк
МаМАнДЫқТаҢдАушЫндЫқПеНАрмАНбЕлГіСІ
НекеГЕТҰРЫпүйбОЛУҮЛКенадамгЕРШІЛІКПензорруХАНИҚұндЫЛЫҚТАРдыңбірі
ҚАЗақхалҚЫҰЛБАланыОНҮшіндЕОТауиеСІДЕген
МенІҢҚоЛЫМнанБәріКЕЛедіДЕсемҚАТелесПЕГенБОЛарЕДіМ
МЕнадамДАРДыңКІШІпейілДІЛІгінжоҒАрыБАҒАлаймЫн
СеЗДірМей жҮРгеНТеКөЗімбіЛГенБІрсЕНімбАрЖОҒалМасмүЛДем
СолсЕНІмбАрДаАСЫғамаЛҒаАқтІЛегІмбиІКкесаМҒа
сЕНбееШКіМгетҰРсадАқАНшамаҚТапҚОрқЫЛаДықУЛыҒыніШКесаҚТап
ӨзіңесенөзІҢдіаЛЫпшЫҒарАҚылыңмЕнеңБЕгіңеКіжаҚТаП.
Талдау:
- Сіз тапсырманы ешқандай қиындықсыз орындадыңыз ба?
- Оны орындау үшін сізге не қажет болды?
- Тез орындаудың, оқудың құпиясы неде?
- Өзін-өзі басқаруды қалай дамытуға болады?
«Сенімділік» жаттығуы
Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылды. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылды. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп,бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымcыз қасиеттерін жазады. Өздеріне жағымды қасиеттерін қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.
«Жас түлектердің стреске жақындығын айқындау» жаттығуы
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған үлестірмелер таратылады. Үлестірмелерге жауаптарын кезекпен айтады. Ашығын айтқанда:
Шынын айтсам, болатын емтиханды (ҰБТ-ны) ойлағанда, …
Шынын айтсам, емтихан туралы менің ата-анам да уайымдап жүргені туралы ойлағанда мен …
Шынын айтсам, бұл емтихан туралы естіген кезде…
Шынын айтсам, мен қосымша сабаққа келген кезде …
Шынын айтсам, мен үйге келген кезде …
Шынын айтсам, мен қобалжып, уайымдаған кезде…
Шынын айтсам, осы тренингке қатысып отырған кезде…
Жарайды балалар, сендердің ойларыңды білдік.
Негізгі ереже!!!
Емтихан кезінде эмоцияңды дұрыс ұстап, сақтай білсеңдер, жетістікке, жеңіске жетесіңдер!
Сұрақтар арқылы талданып оқушылар өз ойларын білдірді:
- Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
- Топ қатысушылары туралы жаңа бір нәрсе білдіңіздер ме?
- Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?
«Біз; қазір және болашақта» жаттығуы
Мақсаты: Стрестен арылып, өз болашағын бағамдай білуге ықпал жасау.
Шартымен таныстыру: Екі топ ватман қағазға «Біз; қазір және болашақта» тақырыбына жоба жасап, оны қорғайды.
Талдау:Шыққан жоба сендерге ұнады ма? Не қиындық тудырды?
ҰБТ өзін ұстау мен дайындық бойынша кеңестер беріледі
Түлектерге арналған аффирмация
- Мен табысқа жеткеніме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
- Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
- Жақсылық дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
- Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
- Қазірдің өзінде мен өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
- Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
- Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
- Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
- Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана шабытпен айналысудамын.
- Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.
«Бекіту» Әрбір адам кешке жатар, ұйықтар алдында ойын бекіту керек. Бір сөзді он рет қайталап жазу керек. Мысалы, «Мен 20-маусымда 140 ұпай аламын» деген сөзді. Өзімізді сәттілікке, жеңіске тәрбиелеп отыруымыз керек. Жазғандарыңды жүректеріңе қойыңдар. Осыны толық алу үшін сендерде күш-жігер жетеді. Жазған қағаздарын кеудеге қойып, іштеріңнен жақсы сөздерін айтты.
«Өмірім өз қолымда» жаттығуы.
Қорытынды. Мінеки байқасаңыздар барлық жағдай біз өзіміз ойлағандай болмайды екен. Адам өмірге келгенде ақ парақ сияқты. Бұл парақты өмірдің ащысы мен тұщысын тату арқылы, ақ пен қарасын ажырату арқылы біз осы ақ парақты бояймыз, сызамыз екен. Сондықтан осы ақ парағымызды мағынасыз шимайлап алмай, өз өміріміздің суретшісі ретінде оған ажар түр беріп, әшекейлеп өрнектеуге еңбек етейік, қызмет жасайық.
Рефлексия «Өз әсерлерімен бөлісу». Бүгінгі тренингтен өздеріңізге қандай жаңа нәрсе алдыңыздар? Сіздерге не ұнады, не ұнамады? Кездесуден алған әсерлеріңіз қандай?


