1-11 сыныптар арасында ұйымдастырылған "Құпия дос" акциясы
Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар #22 орта мектеп"КММ 14-21 қараша аралығында 1-11 сыныптар арасында ұйымдастырылған "Құпия дос" акциясының анықтамасы
14-21 қараша аралығында 1-11 сыныптар арасында "Құпия дос" акциясы ұйымдастырылды:
Мақсаты: оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне қуаныш сыйлау, мейірімділікпен, жылылықпен қарау, қоршаған әлемге деген жағымды көзқарастарын дамыту.
Жүргізілу барысы:
«Құпия досыма хат» ойынының жүргізілу барысы өте қарапайым. Алдымен ойынға қатысушылардың есімдері жазылған жеребе тарқатылады. Сол жеребе бойынша түскен адамға, яғни өзіңіздің құпия досыңызға күн сайын жағымды көңіл-күй сыйлауыңыз керек. Мейлі ол хат болсын, мейлі ол қолдан жасалған зат болсын, әйтеуір титтей болса да қуаныш сыйласа болғаны. Сіздің кімге сый жасап жүргеніңізді ешкім біліп қалмауы тиіс. Ойынның уақыты әр қатысушының тілек-ұсыныстарына қарай белгіленеді. Акция 1 аптаға жалғасады.
Бұл акцияны орындау арқылы оқушыларымыз:
- Бір- біріне мейірімділікпен, жылылықпен қарауды үйренеді;
- Қарым-қатынас дағдылары дамиды;
- Эмоционалдық жәй-күйін (тонус) көтереді;
- Әрбір қатысушыға жеке немесе топта психологиялық қолдау көрсету;
- Қоршаған әлемге деген көзқарасын дамытады;




