"Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы"
20.09.2022 Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар.
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылдың 25 тамыздағы № 377 бұйрығын таныстыруға рұқсат етіңіздер. Осы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары "Білім туралы" ҚРЗ 5-бабының 46-25) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің (бұдан әрі – ПҚ) жұмыс тәртібін айқындайды. Психологиялық қызмет білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу іс-әрекетінің білім беру уәждемесін, үлгерімін, , шығармашылық өзін-өзі іске асыруын қалыптастыру, психологиялық жай-күйін тұрақтандыру, бейінді өзін-өзі айқындау және басқа да қолайлы жағдайлары бойынша орта білім беру ұйымының алқөалы органы болып табылады.
Психологиялық қызметтің жұмысы білім беру қызметіндегі қиындықтарды анықтауға және диагностикалауға, консультация беруге, білім беру ортасы жағдайында психологиялық-педагогикалық сүймелдеу мен қолдау көрсетуге, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің психологиялық сауаттылығын сақтау және нығайтуға бағытталған.
Психологиялық қызметтің жұмысы:
- БАСТАУЫШ білім беру деңгейінде - әрбір білім алушының шығармашылық қабілеттерін бейімдеу және қалыптастыру кезінде танымдық және оқу уәждемесін, дербестікті және өзін-өзі реттеуді дамытуда кіші оқушыны қолдау.
- НЕГІЗГІ ОРТА білім беру деңгейінде - оқытудың жаңа жағдайларына бейімделу, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің танымдық және оқу іс-әрекетін дамыту, жеке және құндылық-мағыналық өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тану міндеттерін шешуде қолдау көрсету, танымдық процестерге тұрақтылықты қалыптастыру.
- ЖАЛПЫ орта білім деңгейінде - білім алушы мен тәрбиеленушіге өзін-өзі анықтауға және жеке басын анықтауға, бейінді бағдарлауға көмек көрсету, мақсат қою және дербес шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға, орнықты дүниетанымды қалыптастыруға жәрдемдесу.
Ата-аналардан келісім шарт
- Білім алушылармен және тәрбиеленушілермен психологиялық диагностика, консультация беру және тренингтер (топтық, жеке) «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы»ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13227 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің жазбаша келісімімен жүргізіледі.
Миға шабуыл
- Психолог пен Психиатрдың айырмашылығы қандай?
2.Психолог деген кім және ол не үшін қажет?
- Психолог пен психиатр дегеніміз бір адам. Бұлар жалған сөз –шын мәнінде:
- Психиатр - бұл адамға психикалық аурулардың диагностикасы мен емделуіне көмектесетін жоғары медициналық білімі бар маман. Сауықтыру барысында дәрілермен емдеу әдісін қолданады»
- Психолог – өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған ДЕНІ САУ адамдарға кеңес беруші маман. ПСИХОЛОГ – ДӘРІГЕР ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ДА БІР МӘЛІМЕТ БЕРМЕЙДІ, ӘРІ ОЛ ЕМДЕМЕЙДІ.
Шын мәнінде:Психологқа өмірінен өзгеріс күтетін және дұрыс жол таңдау үшін келеді. Өміріңде қиындықтар туындағанда психолог әр кезде де жаныңнан табылады. Бұл адам кәсіби ақпараттарға ие, бірақ өмірде туындаған барлық сауалдарға жауабы жоқ, өйткені әр адам жеке бір тұлға. Сондықтан психолог тек қана бағыт-бағдар беруші, көмектесуші, ал соңғы шешімді өзіңіз ғана қабылдайсыз.
Шын мәнінде:Психологтың жұмысындағы негізгі ереже ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ. Ешкім де сіздің келісіміңізсіз психологқа қандай мәселемен жүгінгеніңізді, сөйлескен әңгімелеріңізді, тіптен психологтан көмек сұрағаныңызды да білмейді. Мектепте өткізілетін психологиялық тестілеу қорытындысын тек қана психолог біледі. Сынып жетекшісіне тек қана жалпылама түрдегі мәліметтер (мысалы: оқушылардың 70%-ы тестті жоғары көрсеткіштермен орындады, 30%-ы орташа және т.б.) ұсынылады.
Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың белгілері, себептері және
оған әсер етуші факторлар
Бала тәрбиесі баршамызға ортақ екенің бәріміз жақсы білеміз.
Қазіргі таңда қоғамда шешімі табылмай жатқан мәселелер көп.
Солардың бірі-жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет.
«Аутодеструктив» сөзі латын тілінен «қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы» деп аударылады.
Аутодеструктивті әрекеттер, яғни ол алкоголь, темекі мен есірткі заттарын қабылдап, денсаулығына және психикасына зиян келтіруі, ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның өз-өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Осы мәселеге орай Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыттағы авторлардың зерттеуіне жүгінсек, жалпы өз-өзіне қол жұмсаудың басты сылтауы әлеуметтік-психологиялық бейімделе алмауы болып табылады. Бұл мақсатта адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді: белгілі бір қиыншылықтардан кету, қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету, басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту, ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады, оны қалай да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен үлкеннің де, жасөспірімнің де, тіпті жеткіншектердің де психикасында «Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ» деген ойлар басынан кетпейді. Кейде мұндай жағдай жасөспірімдерді еліктеушілікке де әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әлеуметтік желілерден көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді. Осы арқылы өзіне жұрттың назарын аудартқысы келеді.
Аутодеструктивті мінез-құлықтың себептері
- ҚАРСЫЛЫҚ (Протест)
Қарсылықтың мағынасы кешіре алмаудан, өзін ренжіткен адамды жазалау үшін, оған өз өмірін қию арқылы зиян келтіру.
- ЖАНАШЫРЛЫҚҚА ШАҚЫРУ
Өзіне көңіл аударуын, аяушылық сезім білдіруін қажет ету: «Қараңдаршы, мен өзімді жаман сезініп тұрмын».
3. ҚАЙҒЫДАН ҚАШУ
Басына қауіп-қатер төнгендежазалаудан қорқып, немесе қатты күйзелгенде /созылмалы ауруға шалдыққан жағдайда/
4. ӨЗІН-ӨЗІЖАЗАЛАУ
бұл қарсылық ішкі жан дүниесімен байланысты, ұялу сезімдері және өзін кешірместей кінәлі санау.
5. ӨМІРДЕНБАС ТАРТУ
Толық тізе бүгу, өмір сүрмеу себептеріне мойынсұну. Өзіне қол жұмсау ұзақ уақыт жоспарланады, шешім қабылданады.
Аутодеструктивті мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін-өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды.
Бейнебаян: «Балаларымызды қорғайық»
«Баламен қарым-қатынас» сауалнамасы
Балаңызбен қарым-қатынасыңыз бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беріп, араңыздағы қарым-қатынасқа үңіліп көрсеңіз.
- Балаңыздың дүниеге келуі қалаулы болды ма?
- Сіз балаңызды күнде сүйіп, еркелететін сөздер айтасыз ба немесе онымен әзілдесесіз бе?
- Сіз балаңызбен күнде кешке сөйлесіп, оның күнін қалай өткенін талқылайсыз ба?
- Сіз балаңызбен аптасына бір рет бос уақытыңызды өткізесіз бе (кинотеатр, концерт, театр, туыстарға бару, шаңғы тебу, т.б.)?
- Сіз балаңызбен туындаған отбасылық проблемаларды, жағдайларды, жоспарларды талқылайсыз ба?
- Сіз балаңызбен оның сырт бейнесін, сәнін (модасын), киіну үлгісін талқылайсыз ба?
- Сіз балаңыздың достарын білесіз бе (олар не істейді, қайда тұрады)?
- Сіз балаңыздың ермегі, хоббиі, іс-әрекеті туралы білесіз бе?
- Балаңыздың ғашығын, сезімдері білесіз бе?
- Балаңыздың дұшпандары, оларға қатынасы туралы білесіз бе?
- Сіз оның мектепте қандай пәнді жақсы көретінін білесіз бе?
- Сіз оның мектептегі ең жақсы көретін мұғалімі кім екенін білесіз бе?
- Оның мектептегі ұнамайтын мұғалімі қандай екенін білесіз бе?
- Татуласуға, әңгімеге бірінші болып барасыз ба?
- Сіз балаңызды балағаттап, кемсітпейсіз бе?
Егер сіз барлық сұрақтарға «ИӘ» деп жауап берсеңіз, онда сіз баланы дұрыс тәрбиелеу жолындасыз, жағдайды бақылауда ұстайсыз және қиын уақытта балаңызға көмекке келе аласыз. Ал егер сізде «ЖОҚ» жауабы көп болса, онда сіз дереу өзгеріп, балаңызға бет бұрып, оны тыңдауыңыз керек қиын жағдайлардың алдын алуыңыз керек!
Ата-аналарға арналған жадынама
Баланың өз бағасын жоғарлатуының бес ережесі
1 ереже.Баланың жетістіктері мен қатар ынтасын, жігерін мақтаңыз. Азғантай жетістіктерін де байқаңыз. Көп мақтаңыз. Ынта мен табандылық, нәтижеден де маңызды екенін түсіндіріңіз.
2.ереже. Баланың алдына шынайы мақсат қоя білуіне көмектесіңіз. Егер баланың өзі немесе оның ата-анасы өз мүмкіндігіне артық талап- тілек қойса, бұл жеке тұлғаның бұзылуына әкеледі. Басқалардың жеңісі, жетістігі емес, балаңыздың азғантай болса да өзінің жетістіктері. Сіз үшін мақтаныш, шаттық әкелетінін ол білуге тиіс.
3. ереже. Кемшілікті түзету үшін баланың өзін емес, оның іс-әрекеті мен тәртібін сынаңыз. Мысалы: бала шегелер қағылған биік қақпаға шығып кетті делік. Мұндай жағдайда баланың өзін-өзі бағалауын төмендетпес үшін былай айту керек: « Мұндай қақпаға шығу қауіпті. Құлап жарақат алуың мүмкін еді. «Енді бұлай істеме». Өзін-өзі күйретуге әкелетін сөздер мынандай болар еді: «Қайда шығып кеттің? Иығыңда басың жоқ па?».
4. ереже. Баланың нағыз жауапкершілікті сезінуіне мүмкіндік беріңіз. Үйде жұмысы бар болса өзін отбасында маңызды сезінеді, өзін «команда» мүшесі деп санайды. Үй шаруасына қолғабыс тигізуді өзінің жетістігі деп қабылдайды.
5. ереже. Баланы жақсы көретініңізді үнемі көрсетіңіз, үнемі айтыңыз. Еркелету, құшақтау, сүю, «Мен сені өте жақсы көремін» деп айту баланың өзін жақсы жағынан көруге, қабылдауға әсер етеді. Баланың ең қымбатты, ең сүйікті екенін қайталап айта беру ешқандай оны ересек етпейді. Кейбір айтылып жүрген пікірлерге қарамастан толық емес отбасыларында да баланың өзін-өзі бағалауына негіз қалауға болады. Әрине егер баламен қарым-қатынас нық, әрі шынайы жақсы көру бағытында болса ғана.
Естеріңізде болсын!
- Ең алдымен ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау керек. Кешкі дастарқан басында болсын балаға «Күнің қалай өтті?» деген сұрақты қойсаңыз, ол қуанып қалады. Және ата-ана мен бала арасында құпия болмау керек деп ойлаймын. Егер айтуға тұрарлық, бала түсіне алатын сырларды айта алса бала өзін отбасының толыққанды мүшесі санайды. Бұдан кейін ол тіпті жаман ой, негативті ойламайтын болады.
- Келесі мәселе баланың көзінше ешқашан ұрыс бастамау, жаншал шығармау өте маңызды. Бала оны көрген кезде психикасына кері әсері тиеді. Керісінше тек жақсы нәрселерді айту керек. Жақы нәрсе естіген бала үнемі жақсы ой ойлайды, жақсы дүниелер жасайды.
- Арадағы түсініспеушіліктерді жою үшін өз-ортасын дұрыс таңдағаны да жөн. Яғни, достарды дұрыс таңдай білу керек. Көп жағдайда үйдегі ата-ана кіммен араласу керектігін айтып жатады. Менің ойымша бұл дұрыс емес. Бала кіммен дос болу керектігін өзі таңдағаны жөн деп санаймын. Тек ата-ана дұрыс ортаға бағыт беруі керек. Сонда баланың достарымен қарым-қатынасы жақсарып, достары көбейетіні анық.
- Баланың өзі қызығатын жұмыспен айналысуына ықпал жасаңыз.
- Баланы жалғыз қалдырмауға тырысыңыз.
- Баланы сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы көретініңізді, оның қаншалықты керектігі туралы көп айтыңыз. Оның сізбен бірге болуы өте қажет екендігін көрсете біліңіз.
- Балаға қамқорлық көрсете білу.
- Балаға тыңдаушы бола білу.
- Өмірдегі қажеттілігін түсіндіре білу.
- ата-аналар қабылдаушы және қамқоршы болу керек;
- Ата-ананың, мұғалімнің қолдауынсыз жасөспірім өзіне қиын деген проблемаларды шеше алмайды.
- Жылы сөз араңызды жақындатады. Баламен сөйлескенде, пікір таластырғанда қорқытып, үрейін ұшырмаңыз. Ол баланың тұйық болуына әкеліп тірейді. Сөйлесу барысында оған кезек беріп, ойын білдіруге мүмкіндік жасаңыз.
- Мәселелерді шешуге көмектесіңіз. Баланың басында бір проблема болса оны шешудің дұрыс жолын таңдауға септігіңізді тигізіңіз. Жастықтың қызуымен қате шешім қабылдауына тосқауыл жасау тек сіздердің қолыңыздан ғана келеді.