«Зорлық-зомбылықтың алдын алу отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбында 7 сынып ата-аналарымен жүргізілген жиналыстың анықтамасы » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зорлық-зомбылықтың алдын алу отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбында 7 сынып ата-аналарымен жүргізілген жиналыстың анықтамасы
15
ноябрь
2022

«Зорлық-зомбылықтың алдын алу отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбында 7 сынып ата-аналарымен жүргізілген жиналыстың анықтамасы

15.11.2022 жылы 7 сынып ата-аналарына «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны барысында «Зорлық-зомбылықтың алдын алу отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбы бойынша ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты:  Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру. 

Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға  қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық-зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.

Психологиялық зорлық-зомбылық: Балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне кері ықпал етуге қасақана жасалатын вербалды қарым-қатынас.

Физикалық зорлық-зомбылық Балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әркеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру,тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау.  

Бопсалау -  балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.                           

Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік – экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы

Кибербуллинг -  баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасы.

Зорлық-зомбылықтың  алдын алу:

  • Көшеде түнге дейін жүрмеу, үлкендердің ақылын тыңдау;
  • Танымайтын көліктерге отырмау;
  • Бейтаныс адамдармен жақын сөйлеспеу;
  • Жан-жал туындаған сәтте сабырлылықпен  шешу;
  • Ұрыс, төбелестің куәсі болған жағдайда үлкендерге ескерту;
  • Қауіпті жерлермен жүрмеу. 

Балалардың құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы сауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. 

«5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері» тақырыбында

психологтың ата-аналармен кездесудің

анықтамасы

15.11.2022 жылы 5 сынып ата-аналар жиналысы сынып жетекшісімен бірлесе өткізілді. Бесінші сынып: тек жаңа сатыға өту ғана емес, сонымен бірге, жаңа даму кезеңі – жасөспірімдік шақ.

Осы кезеңде  жасөспірім туралы нені білу керек, көңіл ата-ана тарапынан көңіл аударатын нәрселерге мәліметтер берілді.  

Ересектік сезімінің көрініс беруі. «Балаға тән» дүниенің бәрінен іргесін аулақ салуға ұмтылыс.Өзіне-өзі баға беру, өзіндік сана-сезімі, өзін-өзі жөнге салу қабілетінің артуы.Білім жинауда дербестіктің көрініс беруі.Танымдық уәждеменің пайда болуы.Өзгелерден кем түспеуге ниеттену. Қатарластарының арасында, отбасында лайықты орын алуды қажетсіну. Адал дос табуға талпыну.Сыныпта да, шағын ұжымда да оқшау қалудан аулақ болуға тырысу. Сыныптағы «күш ара-қатынасы» туралы мәселеге аса қызығушылық таныту. Қатарластарымен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату (басты қарекет – тіл табысу)

Баланың ойдағыдай бейімделіп келе жатқанын қалай түсінуге болады

1. Баланың білім алу барысына көңілі толады.

2. Бала оқу бағдарламасын оңай меңгеріп жатыр.

3. Оқу тапсырмаларын орындау кезінде баланың өз бетінше жұмыс жасау дәрежесі жоғары, тапсырманы алдымен өзі орындап көруге тырысқаннан КЕЙІН ғана ересектердің көмегіне жүгінуге дайын.

4. Сыныптастарымен және мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынастарына көңілі толады.

Бала бейімделуде қиындықтарға шалдығып жатқанын қалай түсінуге болады

Тест: «Қалай ойлайсыз, балаңыздың мектептегі жағдайы жақсы ма?» атты ата-аналарға баласының мектептегі жағдайына тестке ауызша жауап беру арқылы диагностика жасатты. Ата-аналар баласының орта буынға бейімделгендерін айтты. Кездесу соңында сыныппен жүргізілген диагностика нәтижесімен таныстырылды, ата-аналарға ұсыныс, кеңестер берілді. 

. 



Мектеп психологы                                     Н.Кангабылова