20
январь
2022
Тәуелсіздікті тұғырынан тайдырмауға, мықты да бәсекеге қабілетті «Мәңгілік Қазақстан» патриот сарбаздарын қолдау мақсатында №22 мектеп директоры бастаған ұжым еріктілері мен мектеп асханасын жалға алушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.-
Еліміздің әр өңірінде қымбатшылыққа қарсы басталған бейбіт шеруді жат пиғылды арандатушылар мен лаңкес содырлар өз мақсатына пайдаланып, халқымызды әбігерге салды. Осындай ел басына іс түскен шақта болашақ ұрпағының бейбіт өмір сүріп, бақытты күн кешуі мен жұрт тыныштығын барлық мүддеден жоғары қойған, Тәуелсіздікті тұғырынан тайдырмауға, мықты да бәсекеге қабілетті «Мәңгілік Қазақстан» патриот сарбаздарын қолдау мақсатында №22 мектеп директоры бастаған ұжым еріктілері мен мектеп асханасын жалға алушы Кенешова Асем Култаевна ыстық тамақ пен азық-түлік жеткізді. Кез-келген кедергілерді бірлік пен ынтымақ арқылы жеңе алатынымызға кәміл сенеміз! #күшімізБірлікте

