«Тоқырау жылдарындағы демографиялық процестер. Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай факторлар әсер етті?» » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тоқырау жылдарындағы демографиялық процестер. Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай факторлар әсер етті?»
18
ноябрь
2025

«Тоқырау жылдарындағы демографиялық процестер. Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай факторлар әсер етті?»

18.11.2025 жылы 9-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «Тоқырау жылдарындағы демографиялық процестер. Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай факторлар әсер етті?» тақырыбында LS зерттеу сабағын  өткізілді. Сабақ барысында оқушылар тоқырау кезеңіндегі демографиялық жағдайды, халық санының өзгеру динамикасын және Қазақстандағы урбандалудың негізгі факторларын зерделеді.

Сабақта ЖИ құралдары белсенді қолданылды. Атап айтқанда, оқушыларға демографиялық көрсеткіштерді талдау үшін ЖИ арқылы жасалған диаграммалар ұсынылды; тарихи деректерді салыстыру, ұғымдарды түсіндіру және урбандалу факторларын жүйелеу кезінде ЖИ көмекші ресурс ретінде пайдаланылды. Сонымен қатар, оқушылар топтық жұмыста ЖИ-ға сұрақтар қою арқылы өздік зерттеу жүргізіп, урбандалудың өнеркәсіптің дамуы, ішкі көші-қон, ауыл шаруашылығындағы механикаландыру, инфрақұрылымның кеңеюі сияқты факторларын анықтап, дәлелдермен негіздеді.

Сабақ жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, оқушылардың тарихи талдау дағдыларын дамыту, цифрлық сауаттылығын арттыру, деректерді интерпретациялау және ЖИ-мен жұмыс істеу құзыреттерін қалыптастыру мақсаттары орындалды. Сабақ тиімді өтті, оқу мақсаттары толық жүзеге асты.