02
сентябрь
2025
«Менің Отаным – Қазақстан»
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айының 02 күні мектебімізде 1-11 сынып оқушыларымен Білім күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты- білім алушылар бойына патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.