24
апрель
2025
“Таза қала-таза сана, менің қалам есірткісіз”
2025 жылдың 24 сәуір күні “Оқушылар сарайында” Жетісу облысының «Jetisu jastary» КММ және «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлескен “Таза қала-таза сана, менің қалам есірткісіз” тақырыбында «Ашық микрофон» жиыны өтті. Кездесу жиынына Талдықорған қаласының мектеп оқушылары қатысты. Кездесудің мақсаты жасөспірімдерге есірткі заттарын тұтынудың ғана емес, есірткі заттарын тасымалдап, сатып, сақтаудың да соңы жауаптылыққа соқтыратынын түсіндіру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу.