"ҰБТ" » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2025

"ҰБТ"

Ағымдағы оқу жылының  09-сәуірінде мектебімізде  наурыз- сәуір   аралығындағы  ҰБТ-нің нәтижесі  бойынша мектеп директоры Е.Ж.Мусанов пен оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қ.Шаекенова  ата-аналармен және пән мұғалімдерімен, түлектермен бірлескен  жиналыс  өткізді.
ҰБТ –дің жаңа форматы бойынша 140  сұрақ 5 пән бойынша, оның 3-уі  міндетті және талапкердің жоғарғы оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-уі бейіні бойынша қарастырылған. 
Наурыз тесті бойынша түлектеріміздің алды 126 балл, соңы 55 балл жинап жалпы орта балл-82,5 көрсетті.
Наурыз  тесті бойынша талданып, кері байланыстар беріліп , үздік нәтиже көрсеткен түлектеріміз бен ата-аналары марапатталып  ойларын ортаға салып  әрі қалай негізгі шешуші  сынақтарды қалай нәтижені жақсартамыз деген  ойларымен бөлістік.
11 сынып түлектерімен ата-аналарын  қорытынды аттестаттаудың  емтихан пәндерімен және емтихан өтетін мерзімі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Похожие публикации:

12 февраль 2025 "ҰБТ"
08 ноябрь 2024 "ҰБТ"
09 февраль 2024 «ҰБТ-2024»