27
январь
2025
"Зат есімнің тәуелденуі"
Бастауыш онкүндігінің жоспарына сай қаңтардың 27-сі күні бастауыш сынып мұғалімі Диляра Жайдарханқызы 3 "Б" сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен "Зат есімнің тәуелденуі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып әңгіме құрау және зат есімнің тәуелдік жалғауларын қолдану. Өткен сабақты бекіту мақсатында "Genelly" платформасында "Пазл" әдісін қолданып, сабақтың тақырыбын анықтады. "Түсінемін, білемін, қолданамын" әдісімен ұжымдық жұмыс орындады. Топтық жұмыста берілген тірек сөздерді қатыстырып, әңгіме құрастырып, зат есімді 3 жақта тәуелдеді. Сабақты бекітуде "Шам/лампа" әдісі арқылы қорытындылады.