15
январь
2025
"Қадыр Мырза Әлі - қазақ поэзиясының пырағы"
Қаңтар - заң және тәртіп айының 15 күні мектебіміздің кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Акбакирова мен кітапханашы Ә.Искакованың ұйымдастыруымен "Қадыр Мырза Әлі - қазақ поэзиясының пырағы" тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты - ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларды мәнерлеп оқуға, сөз асылын түсіне білуге тәрбиелеу.