18
декабрь
2024
"Сәтті сәрсенбі"
Мектебімізде 2024 жылдың 18 желтоқсанында қалалық кезеңіндегі ғылыми зерттеу жобасы, “Зерде”, “Алтын түлек”, “ Алтын сақа”, 5-6,7-8, 9-11 сыныптарға және ауыл мектептерінің оқушыларына арналған пән олимпиадаларының жеңімпаз шәкірттерін дәстүрге айналған "Сәтті сәрсенбі"марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — дарындылар қатысқан сайыста өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білген және азаматтық ұстаным мен патриоттық белсенділік танытқан балаларға қолдау көрсету.