"Педагогикалық консилиум" » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Педагогикалық консилиум"
09
декабрь
2024

"Педагогикалық консилиум"

Мектебімізде 2024 жылдың 09- желтоқсанында  ата-ана,  оқушы , ұстаздармен   бірлескен  8 «Ә», 8 «Б»  сынып  білім алушыларының білім сапасы мен  тәрбиесіндегі  олқылықтарды жою бойынша №1 педагогикалық консилиум өткізілді. 
Мақсаты: білім беру мазмұны мен білім алушыларға психологиялық-педагогикалық ықпал ету әдістері туралы ұжымдық шешім қабылдау.
Міндеті: Мұнда шешімдер мектеп мұғалімдері мен мамандары ұсынған нақты баланың ерекшеліктері туралы диагностикалық және аналитикалық мәліметтер негізінде қабылданады.
 Педагогикалық консилиумды кіріспе сөз сөйлеп мектеп директоры Е.Ж.Мусанов ашты.
Педагогикалық консилиум – ата-аналар мен мұғалімдер байланысының ерекше формасы болғандықтан,мектеп психологы Г.У.Түйебаева екі сыныпқа жеке-жеке тоқталып алған сауалнамалары бойынша айтты, барлық пән мұғалімдері  сынып оқушыларының сабақ үлгерімі, тәртібі бойынша тоқталып  ата-аналарға толық мәлімет берілді.  Кең көлемді өткізілген педагогикалық консилиум ата-аналармен, ұстаздармен ортақ шешімге келіп толық шешім шығарылып, қорытындыланды.