09
февраль
2024
«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»
Мектебімізде 9 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты әдеби –сазды кеш өтті.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу, ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Аталған шарада ақынның өлеңдері оқылып, өмірінің кейбір сәттерінен сыр шертілді. Сонымен қоса, шара барысында “Аққулар ұйықтағанда» поэмасы сахналнды.
Мектеп кітапханашысы мен музыка пәнінің мұғалімі ұйымдастырған шараға ата-аналар, мектеп білім алушылары , ұстаздар қатысты.

