26
декабрь
2023
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Бүгін мектебімізде 5-6 сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті. Жаңа жылдық шырша кеші әсем безендірілген залда мектеп парламенті мүшелері, белсенді оқушылардың атсалысуымен, думанға толы салтанатпен өтті. Театрландырылған шоу көрсетіліп, көңілді флешмоб өткізілді. Әртүрлі кейіпкерлердің киімін киіп келген балалар думанды кешке атсалысып, ән-билерін көрсетіп, өнерлерімен ерекшеленуге тырысты. Аяз ата мен Ақшақар өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге сыйлықтарын беріп, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.

